Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Шірінше, шықшыт безінің қабынуы (паротит)



Pdf көрінісі
бет121/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Шірінше, шықшыт безінің қабынуы (паротит)
немесе шошқа мойын деп те атайды.
Қоздырғышы
– вирус.
Ауру – сау адам мен ауру адам бір үйде болған кезде ауа арқылы жұғады. 
Шірінше вирусы мұрын, ауыз, жұтқыншақтың шырышты қабығы арқылы организмге 
еніп, көбінесе жүйке жүйесін, бездерді – соның ішінде сілекей, қарын бездерін, балаларда 
аталық ұрық безін зақымдайды. 
Жасырын кезеңі 11-12 күн, кейде 26 күнге жетеді. Сондықтан балалар мекемелерінде 21 
күн карантин белгіленеді. 
Белгілері
: бас ауырып, қызу 38-39º дейін көтеріледі. Егер ауру құлақ айналасындағы 
сілекей бездеріне жайылса, онда бала аузындағы тамағын шайнағанда және жұтынғанда 
ауыратынына шағымданады. Құлағының алдыңғы жағынан сырғалықтан және құлағының 
артынан ісік пайда болады. Бұл әуелі бір жағынан сосын 1-2 күннен соң 2-ші жағынан шығады. 
Жасөспірім ер балаларда шірінше ауруы олардың аталық ұрық безін қабындырады 
(орхит). Алғашқы аптаның соңына қарай төмен түскен қызуы тағы да көтеріледі: басы, ұмасы, 
шабының маңы сыздап ауырады, ені ісіп үлкейеді. Жасөспірім балалар мұндай жағдайда қатты 
мазасызданып, үрейленеді. Сондықтан оларға 5-7 күндер ішінде басылатынын айтып түсіндіру 
керек. Алайда орхит ауруы өтсе кейін бала болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бала 
дәрігері мен хирургтің кеңесі өте қажет. 
Шіріншеде асқазан безі ауруының қабат жүруі тән, оның негізгі белгілері – іштің бүріп 
ауруы, жүрегі айну, құсу, тамаққа тәбеттің болмауы. 
Шіріншемен ауырғанда серозды менингит (ми қабығы) ауруына да шалдықтырады. Бұл 
аурудың 3-6 күндері қызудың қайтадан көтеріліп, бастың ауыруы мен құсудан білінеді. Бала 
денесі болбырап, манаурайды, есінен тану пайда болады. Шіріншемен ауырған балаларды 
әдетте үйде емдейді. Ісінген сілекей бездеріне 3-4 сағ. құрғақ қыздыратын компрес жасайды. 
Ал орхит кезінде керісінше қабынған аталық ұрық ұмасына суық суға малынған салфетка 
салады да, ол жылынғанда оны алмастырып отырады. Егер орхит өте ауыр өтсе, баланы 
ауруханаға жатқызады. 
Менингит кезінде де ауруханаға жатқызған дұрыс. Бұл кезде диагноз қою және емдеу 
үшін жұлын пункциясын жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет