Аурудың дамуы стрептококк жұқпалы ауруымен байланысты. Көбінесе баспа,
жоғары
тыныс жолдарының қабынуы салдарынан пайда болады. Ревматизм ауруы бар балаларда
созылмалы тонзилит, тіс жегі байқалады.
Бұл ауруда дәнекер ұлпасы зақымданады. Әсіресе жүрек және тамыр дәнекер ұлпалары.
Клиникалық белгілері баспамен ауырғаннан кейін 7-15 күннен кейін білінеді.
Аурудың басталуы әртүрлі болуы мүмкін: жедел, баяу, жасырын. Жедел басталғанда қызу
көтеріледі, буындары ауырады, ересек балалар жүрегінің тұсы ауыратынын сезеді.
Ревматизм ауруында жүрек-тамыр жүйесі зақымданады.
Балалардың ревматизмінде жүректің екінші және жиі үшінші қабаты зақымданады. Ең
алдымен миокард, сосын эндокард және эпикард зақымданады. Ревматизм жүрек порогының
пайда болуының негізгі себебі болып табылады.
Ревматизмнің тағы бір формасы (жүректен тыс) буындардың зақымдануы – полиартрит.
Буындары ауырып, ісініп кетеді, терісі қызарады.
Ревматизмге диагноз қоюға зертханалық зерттеулердің маңызы зор: қанда нейтрофилдер,
лейкоциттер, ЭТЖ жоғарылайды.
Ревматизммен ауырған балаларды ұзақ емдейді. Жедел түрінде ауруханада емдеу керек.
Аурудың алдын алу үшін
бала организмін шынықтырып, дұрыс тамақтандырып, баспа,
тонзилит, тіс жегін дер кезінде емдеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: