Арттыру институты


ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ ТЕОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет17/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108
Байланысты:
ТРИЗ

ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ ТЕОРИЯСЫ 
ТЕХНОЛОГИЯ ТАПСЫРМАЛАРЫН ШЕШУДЕ 
 БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ 
 

Балаға барлық салада дұрыс әрекет ету мүмкіндігін дамытады; қоғамда, 
отбасында, адамдармен, табиғатпен қарым-қатынасы; 

Өзі жасаған жұсысын ашуға, дамытуға, қызығушылығын тәрбиелейді; 

Баланы қоршаған әлеммен және адамдармен таныстыруда жүйелі 
ықпалды жүзеге асырып, жүйелі ойлауды қалыптастырады; 

Қиялын, шығармашылығын, білуге құмарлығын, фантазиясын 
дамытады; 

Баланың сан алуан және өнімді қызметке ынтасын тәрбиелейді; 


16 

Сенімділік сезімін, санасында негізделген өзіндегі және қоршаған 
ортадағы кемшіліктері мен құндылықтарын түсінудегі өзіндік 
бағалауын тәрбиелейді.
ӨТШТ мектеп жасына дейінгі балаға


бұл біріккен ойын жүйесі, оқу әрекеті, негізгі базалық бағдарламаны 
өзгерте алмайды, бірақ нәтижесін молайтады. 

ӨТШТ элементтерін қолдану арқылы баланың шығармашылық және 
ойлау белсенділігі жанданады, өйткені ӨТШТ кең ойлануға, болып 
жатқан үдерісті түбегейлі түсініп және оның мәселесін нақты шешуге
үйретеді. 

ӨТШТ қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды нағыз арманшыл
етіп өсіруге, кейіннен жаңа идеялардың генераторы яғни зерттеуші 
мүмкіндік береді.
 
Сондықтан балабақша педагогтарымен қатар мектептердегі мектепалды 
дайындық сыныптары мұғалімдері мен аталған жұмыстарды жүргізу 
тәсілдерін арнайы жоспарланған оқыту семинарлары мен біліктілігін 
арттыру курстары бойынша ұйымдастыру керек деп ойлаймын.
 
ӨТШТ ұялшақтықтан, тұйықтылықтан, жасқаншақтықтан арылтады; 
кішкентай балаларымыз өз көзқарасын сақтап қалу үшін, қиын жағдаяттан 
түпкі шешімін дербес тауып шығуға үйренеді. 
ӨТШТ балалар үшін зерде мен қиялдың жаттығуы. Оқу әрекетін 
ұйымдастыруда балалар мен үлкеннің біріккен әрекетінде, баланың дербес 
әрекетінде, күн тәртібі барысында жүзеге асыруға болады. 
Балалық шақ – қарқынды сөйлеу қызметінің кезеңі сол себепті әр бір
ӨТШТ мен оқу әрекеті – ұжымдық ойын, шын мәнінде, шығармашылық 
жұмыс, демек, өмірдің қуанышын қарқынды сезіну. Баланың қуанышы 
ауадай қажет, ол күш қуатты арттырып, шығармашылық қабілеттің толық 
ашылуына мүмкіндік береді. ӨТШТ– технологиясы адамгершілік, яғни бір –
біріне көмектескісі келетін, басқаның қуанышына қуанатын, қиын жағдайдан 
біріге жол іздеп шығуға талпынатын қасиеттерін дамытады.
Бұл технологияның мектепке дейінгі баланың дамуына классикалық 
тәсілдемесінен негізгі айырмашылығы– бұл балаларға сұрақтарға жеке жауап 
табуға, 
тапсырмаларды 
өздері 
орындауға, 
үлкендердің 
айтқанын 
қайталамауға мүмкіндік береді. ӨТШТ – технологиясы, әмбебап аспаптар 
ретінде барлық әрекет түрінде іс-жүзінде қолдануға болады (білім беру 
үрдісіндегідей, ойын да, күн тәртібі барысында). Бұл мектеп жасына дейінгі 
бала санасында біріккен, үйлесімді әлем үлгісін қалыптастырады. Жағдаят 
сәттілігі жаратылып, тапсырмалар нәтижесімен өзара алмасу жүреді, бір 
баланың шешімі басқа баланың ойын белсендендіруге көмектеседі, қиялдау 
аймағын кеңейтіп, оның дамуын ынталандырады. Технология әр балаға дәл 
сондай даралығын көрсетуге мүмкіндік беріп, ерекше ойлауға үйретеді. 
ӨТШТ технологиясының артықшылығы мектеп жасына дейінгі балалармен 
жұмыста өзін жақсы тұстарымен танытуына, тиімді әдістердің көптігінде.


17 
Қорытындылай келе, оқу қызметінде ӨТШТ элементтерін қолдану 
мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін дамытуда ең 
нәтижелі тәсілдің бірі болып табылады, басқа да психологиялық үрдістерінің 
және тұлғаны толыққанды дамуына маңызды әсер етеді. Шығармашылық 
ойлауды дамыту баланың тұлғалық тәжірибесінің кеңеюіне және балалық 
әрекетті ұйымдастыруына, алған білімін шығармашылықпен қамтамасыз 
етуге, белсенділігінің артуына, ой-өрісінің және сөздік қорының дамуына 
ықпал жасайды. Мұның барлығы мектеп жасына дейінгі баланың әр түрлі 
қызметте өзін-өзі сәтті танытуға мүмкіндік береді. ӨТШТ әдістерін қолдана 
отырып, өткізілген оқу қызметі балаларға әрдайым күтпегенді көруге 
көмектеседі. Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі 
бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен 
шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.
Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты
парасатты ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты 
міндеті болып есептеледі.Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды 
пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын 
технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, 
құзыретті тұлға тәрбиелеу. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз 
келсе,бала–болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-
ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан 
бастауымыз керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында 
оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық 
қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы 
нұсқаны қолдануға, педагогикалық үдерісті кез-келген үлгімен, тіпті 
авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі оқу - тәрбие үдерісінде теориялық негізі, балалармен 
өткізілетін ой-дамыту ӨТШТ технологиясының ойын-жаттығулары, үлгі 
сабақтар, дәстүрден тыс оқу қызметтері және технологияның тиімділігін 
көрсететін дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет