43
көрсету)
Балаларға балықтың құрылысын
көрсетіп,таныстыру.
-Балалар көзімізді жұмып қайтып тобымызға
оралайық.
Жаңа тақырып:
-Балалар біздер су асты патшалығын көрдік.
Ендеше осы балықтың суретін салып
көрейік. Бүгін біз суретті дәстүрден тыс әдіс
арқылы саламыз. Ол өзгеше әдіс. Яғни
қарындаштың көмегінсіз сурет салатын
боламыз.
Жұмыс барысы:
-Балаларды қажетті құралдармен таныстыру.
-Бізге бояу езілген ыдыс,
мақталы таяқша
және сүлгі керек.
-Алдымен алақанымызды езілген бояуға
батырып, алдымыздағы дайын қағазға
бастырамыз.
-Кепкен соң мақталы
таяқша арқылы
балықтың қабыршақтары мен қанаттары
және көзін саламыз.
(өзі тақтаға үлгі суретке жұмыс барысын
орындап көрсетеді)
-Ал, балалар. Енді өзіміз жұмысқа кірісейік.
-Алақан бастырмасын жасап болған соң
қолымызды сүлгіге сүртеміз.
Сергіту сәті:
Саяхатқа шығамыз
Таза ауа жұтамыз
Өзен көлді аралап
Балық аулап қайтамыз.
-Олай болса, жұмысымызды аяқтайық. Енді
қолымызға мақталы таяқшаны алып,
балықтың қабыршақтары
мен көздері мен
қанаттарын саламыз.
Достарыңызбен бөлісу: