9
өнертапқыштық тапсырмаларды шешуге оқыту бірнеше кезеңмен жүзеге
асырылады.
1 – кезеңде сабақ форма түрінде емес,
шындықты, мәнді іздеу ретінде
беріледі. Балаға объекті көпфункционалды пайдалану мәселесін ұсынады;
2 – «екінің құпиясы» немесе объектіде, құбылыста қарама-қайшылықты
анықтау;
3 – қарама-қайшылықтарды шешу. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін
ойын және ертегі міндеттерінің жүйесі бар.
ӨТШТ технологиясы бойынша келесі жұмыс кезеңі – ертегі
тапсырмаларын шешу және арнайы әдістер
арқылы жаңа тапсырмаларды
ойлап табу. Барлық жұмысқа балалар қызметінің алуан түрі енеді – ойын
қызметі, сөйлеу, бейнелеу, аппликация, құрылымдау т.б.
Соңғы кезеңде, алынған білім, түйсікке сүйене отырып, мәселелерді
шешудің соңғы әдістерін пайдалану арқылы бала кез-келген күрделі
жағдайдың шешу жолын табуды үйренеді.
Мұнда тәрбиеші тек бақылайды,
бала өз күшімен, ақылы мен шығармашылық әлеуетіне сенеді. Жағдайлар
алуан түрлі, адам қызметінің кез-келген саласынан болуы мүмкін. Балалар
тәжірибелік
жағдайға қойылады, онда шешімді тез қабылдау керек. ӨТШТ
технологиясы тәрбиешілер мен балаларға шығармашылық әдістері мен
құралдарын береді. Ересектер мен балалар бір құралды меңгере отырып,
ортақ
тілді тез табады, бірін-бірі тез-тез түсінеді.
Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің
дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс бала мен педагогтың
бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуда
қамтамасыз
етеді.
Сонымен
қатар,
ӨТШТ
–
ақылдылардың,
құрастырушылардың,
ізденушілердің
символы,
яғни
балалардың
қаншалықты
абстрактілі ойлауын, қиялдауы мен бақылағыштығын,
зейіндерін ертерек дамытудың жолы.
Достарыңызбен бөлісу: