Арттыру институты


мақсаты – баланың бойындағы әлеуетті көркемдік –  шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту.  ӨТШТ технологиясының міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
ТРИЗ

мақсаты
– баланың бойындағы әлеуетті көркемдік – 
шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту. 
ӨТШТ технологиясының міндеттері:
-Балалалардың танымдық қабілеттерін арттыру;
- Шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
- Балаларды шығармашылық әдеттен тыс ойлауға дамыту;
- Үнемі ізденіске қарай итермелеу.
Дәстүрден тыс техникаларды пайдаланған сабақта балаларға түрлі 
материалдардың сапасы мен мүмкіндіктері туралы терең білім береді, 
эстетикалық эмоциялық сезімдерін дамытады, еңбекке деген талпынысын 
және шеберлік ерекшеліктерін меңгеру тілегін ынталандырады. Халықтық – 
әсемдік өнерге араластыра отырып, келешектегі мектеп оқуына дайындайды. 
Балалар көркем шығармашылығы баланың жан-жақты дамуының маңызды 
элементі болып табылады.
Дәстүрден тыс сурет салу техникалары балаға 
қоршаған ортадан алған әсерін жеткізе білуге мүмкіндік ашады.
Бейнелеу 
өнерін ұйымдастырғанда дәстүрден тыс ықпал жасау балаларды таң 
қалдырады, осындай қызықты іс-әрекетпен айналысуға ынталандырады. 
Нұсқа суреттер баланың креативті мүмкіндігін ашады, түстерді, олардың 
сипатын және көңіл-күйді сезінуге мүмкіндік береді.
Инновациялық 
техникаларды қолдану балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды 
көздейді. Балалардың елестетуін және қиялын дамытады. Ұжымдық жұмыс 
машықтарын тәрбиелейді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы 
басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім 
берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,-деген болатын. Қазіргі кезеңде 
Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі түлегінің 
білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Сондықтан 
қазіргі 
кезде 
жас 
маман 
иелеріне 
ұсынатын 
инновациялық 
технологияларымен 
жұмыс 
жасау, 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда 
педагогтардың негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша 
педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дамып, 
қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Бұл ең жас, әрі кең таныс 
педагогикалық инновациялық жүйе. 
Бала - болашағымыз десек, сол балаға 
жүйелі білім беріп, ынта–ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін 



дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Сабақта жаңа технологияларды 
тиімді пайдалану балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады
шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу 
барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Қазіргі заманда 
алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған 
өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз
қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз 
байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ 
тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да 
жұмыстандырып, бірге бағыттауымыз қажет. Біздің алдымызға жаңа 
міндеттер жүктеп отыр. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты 
мақсаты–ұлттық білім моделін жасау.Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты—
адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны 
мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, 
сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің байуына, саяси көзқарасының
шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің 
қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Тәуелсіз еліміздің келешек
ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің 
шешімін табуға үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта 
қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған талаптардың 
жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы 
сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын 
арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден 
бастағанның маңызы зор. Олай болса, педагог тәрбиешінің алдындағы басты 
міндет– ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік 
мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман 
талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Осы міндеттердің бірі - білім берудің 
әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім 
технологиясын меңгеру. 
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың 
тағдыры–ұстаздың қолында» – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 
мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен 
мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда 
жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет