БМП-лар шоғырландырылды.
Әскери-әуе десантының қосымша күштері
Ленинград, Таллин, Тбилиси және Рига қалаларының маңына топтастырылды.
Демалыстағы КСРО-ның президенті М.С.Горбачевті Қырымда «Форос»
мемлекеттік саяжайында қоршауға алған әскери күштер мемлекет
басшысының сыртқы әлеммен байланысын үзіп, төңкеріс басшылары оның
денсаулық жағдайына орай бадан былай елді басқара алмайтыны туралы
ақпарат таратып, елде
төтенше жадай енгізілетіні, Коммунистік партиядан
басқа партиялардың бәрі таратылатыны, «Правда», «Труд» тағы бірнеше
газеттерден басқа басылымдардың бәрі
жабылатыны жөнінде бұйрық
жариялады
.
Бұл – аз ғана уақыт болса да еркіндік, бостандықтың дәмін татып
үлгерген миллиондаған адамдардың ұнжырғасын түсірді.
Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды
.
Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының
басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе
және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық
номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің
көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып,
тамыз бүлігін
айыптады
.
21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен
Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды.
ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ,
бәрі кеш еді. Жаңа Одақ туралы шарт сөз болудан қалып, КСРО-ның іргесі
сөгіліп
сала берді
.
Небәрі бір апта аралығында Украина (24 тамыз),
Беларуссия (27 тамыз), Молдова (27 тамыз), Өзбекстан (29 тамыз), Әзірбайжан
(30 тамыз), Қырғызстан (31 тамыз) өз тәуелсіздігін жариялады
.
Оған дейін
Балтық бойы елдері мен Грузия және Ресей (12 маусым) өз тәуелсіздігін
жариялаған болатын. Тәуелсіздік шеруін бұдан әрі Тәжікстан (9 қыркүйек),
Армения (24 қыркүйек), Түркменстан (27 қазан) жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: