№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла



Pdf көрінісі
бет29/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

3. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла 
Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы 
(Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың анропологизмі
. Адам мәнінің 
марксистік түсінігі. Солай болғанымен де, адам табиғатының қарастырылған 
түсіндірмелеріне тағы да біреуін қосайық. Әңгіме Людвиг Фейербахтың 
(1804-1872) антропологиялық материализмі туралы болмақ. 
Фейербахты қызықтырған басты проблема – бұл адам мен оның мәні 
мәселесі. Оның үстіне, ол адамды қайдағы бір абстрактілі әлдене ретінде 
емес, өзінің барлық өмірлік көріністеріндегі реалды жаратылыс ретінде 
түсінді. 
Фейербах 
философиясында 
адам 
барлық 
философиялық 
зерттеулердің 
«бастапқы 
пункті 
және 
соңғы 
мақсаты» 
ретінде 
қарастырылады. Сондықтан да Фейербах философиясы – бұл философиялық 
антропология. 
Фейербахқа сәйкес, адам – «табиғаттың айнасы». Ол – табиғат 
туындысы және оның жаратылыстық күштері мен қабілеттерінің бейнеленуі 
болып табылады. Сондықтан заттар табиғатында жаратылыстан тыс ештеңе 
жоқ. «Жаратылыстан тыс» деп аталатынның бәрі адам арқылы жаратылысқа, 
яғни табиғатқа телінуі тиіс. Фейербах адамның табиғи-биологиялық сипатын 
атап көрсетті, ол гегельдік жалпылама абстракциялардан қол үзіп, жеке 
адамға бет бұрды. Айлайда Фейербах адамның өзін өте тар мағынада түсінді. 
Оның адамы реалдық қоғам мен қызметтен оқшауланған болып шықты. 
Сонымен Л.Фейербах дінді сынады. Ол табиғат пен адамнан тыс ештеңе жоқ 
деп есептеді. Оның түсінігі бойынша біздің діни қиялымызбен жасалған 
жоғары жаратылыстар – бұл біздің өз мәнімізді құдайландыру ғана. Табиғат 
философияға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, «ақиқат материализм де, идеализм 
де, физиология да, психология да емес, ақиқат тек қана антропология болып 
табылады». Фейербах бойынша, адамның мәні оның басқа адаммен қарым-
қатынасында, яғни «тек етене қатынаста, адамның адаммен бірлігінде ғана» 
орын алады. 
Заманауи дүниедегі адам өткен дәуірлердің адамдарына тән болған 
нәрселердің бәрін сақтай отырып, ХХI ғасыр жағдаятының бірегейлігін 
бұрынғыдан да бетер танып біле бастайды. Жаһандық проблемалармен 
арқаланған заманауи дүние бүкіл адамзатты және әрбір жеке адамды аман 
қалу, тіршілік ету мен дамудың не принципті жаңа тәсілдерін қабылдау, не 
түр ретінде кері кету керек болатын жағдайға қояды. Қазіргі әлемде 
болжамдауға болмайтын үрдістер, нормадан ауытқулар, тұрақсыздық, 
экстремизм, лаңкестік және т.б. бола түскені бекер емес. 


Немістің ұлы философы Иммануил Кант XVIII ғасырдың соңында-ақ адам 
мен адамзат мәнін түсінуге қол жеткізген кез келген ойшыл жауап беруі 
қажет төрт негізгі сұрақты тұжырымдаған: 
Мен не біле аламын? 
Мен не істеуім керек? 
Мен неге үміттене аламын? 
Адам дегеніміз не? 
Әрине, бірінші сұраққа жауап бере отырып, осы уақытта адамзат дүние 
және өзі туралы өткен ғасырларға қарағанда өлшеусіз көп білетінін атап өту 
қажет. Оның үстіне, ұлы ойшылдар Толстой мен Абай, Фрейд пен Ясперс, 
Эйнштейн мен Рассел, Швейцер мен Сахаров адамзат білімінің деңгейіне 
терең қанағаттанбаушылықты бастарынан кешірді. Олардың көпшілігі 
танымның өздеріне бақыт әкелмегені былай тұрсын, шыңыраудың шетіне 
қойғанын көрді. 
Аса көрнекті ғалымдар және ойшылдар Рассел мен Эйнштейн 
термоядролық энергия саласындағы жаңалықтардың нәтижесінде адамзаттың 
өзін-өзі жою мүмкіндігін сезініп: «Адам екендіктеріңді есте сақтаңдар
қалғанының бәрі туралы ұмытыңдар» деген ұран тастады. Танымның 
беймәлім тұңғиығына бейсаналылық және интуитивтік саласында бұзып өту 
адам үшін жаңа сілкіністермен қатерлі. 
Біздің заман адамдарының санасында өзді-өздігінен алғандағы ғылыми-
техникалық және технологиялық прогресс, таным мен білім әлі де болса 
бақытты болашаққа кепілдік бере алмайтыны туралы, прогрестің өзінің 
гуманистік адамдық өлшемін жасау қажеттілігі туралы идея бұрынғыдан да 
беки түсті. Мұны түсіну И.Канттың екінші сұрағының мәселелері шеңберін 
қарастыруға жетелейді. 
Адам нені істеуі тиіс (немесе ешқашан және қандай жағдайлар болмасын 
нені істеуі тиіс емес)? Бұл сұрақ аса маңызды сұрақтар қатарына жатады. 
Адам қызметінің шектері жеткілікті дәрежеде дәл белгіленген: өзіңе де, басқа 
адамдарға да зиян мен залал келтіруге болмайды, ал бүкіл өмірдің негізі 
өзара қатынастар болуы тиіс. Адам, сондай-ақ табиғаттың тұтастығына қол 
сұға алмайды, онда өз қалауынша «қожайындық жасай» алмайды. 
Адамдар әрқашан жақсы пиғылдың, тіпті өздерінің еркіне қарамастан 
неліктен және қалайша жамандыққа айналатынын; жасампаздыққа 
бағытталған қызметтің неге қираумен аяқталатынын түсінуге тырысты. 
Мысалы, адамзатты ойдағыдай өмір сүру үшін қажетті құралдармен 
қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-техникалық төңкеріс туындатқан 
жаһандық проблемалардың нәтижесі әлемді шыңырау шетіне алып келді. 
Әділеттіліктің тамаша идеяларына негізделген көптеген әлеуметтік 
төңкерістердің жасампаздық әлеуеті көбінде адамды да, қоғамды да төтенше 
қиратуға айналды. Міне, сондықтан да нақ қазір адам қызметінің 
араласуының шектері туралы мәңгілік проблема оның табиғатқа, Ғарыш пен 
өзді-өзіне бұрынғыдан да өткір бола түсті. 
И.Канттың үшінші сұрағына жауап беру бұдан да қиынырақ: мен неге 
үміттене аламын? Бұл сұрақтың мәнісі – өз зердеңе,еркіңе, еңбегіңе, 


адамдардың ынтымақтастығына үміттенуге бола ма немесе жасампаздың, 
құдайдың, ғарыштық зерденің абыройына, яғни адамнан жоғары тұрған 
күшке үміт арту керек пе? 
Адамдар әрқашан құпияны тасымалдаушыларға, керемет жасаушылар 
мен шексіз беделділерге табынып келді, өйткені олардан жердегі дүниеде 
болмаса да, аспандағы дүниеге азат болу үмітін көрді. Екінші жағынан, 
еркіндік ойымен атеизм балама ретінде адамның өзіне, өз күшіне, топтық 
ынтымақтастыққа деген үмітін жақты. Нақты өмірде адамдар өз үміттерін 
бәрінен де бұрын өздері жататын әлеуметтік топпен байланыстырады. 
Бұларға ол туралы адам «біз» деп айта алатын ұлыс, ұлт, сенімі ортақ 
адамдар немесе отандастар (мысалы, қазақстандықтар, мұсылмандар, т.б.), 
ұжым, отбасылық клан жатқызылуы мүмкін. 
Жоғары күштерге жүгінбейтін жалпыадазаттық ынтымақтастық мұраты өзін 
бірыңғай тұтас деп сезінуінің барысында, жаһандық проблемалар 
қауіптілігінің артуымен үлкен қолдауға ие бола түсті. Сондай-ақ Жер 
тұрғындарына термоядролық немесе экологиялық апатқа жол бермейтін және 
зердесіз адамзатты ғарыштық этика ережелеріне үйрететін жерден тыс 
өркениеттердің, ғарыш келімсектерінің көмегіне үміттенуге болады деген 
пікір де тарай бастады. И.Канттың төртінші сұрағы адам болмысы мен өмір 
сүруінің барлық қалған сұрақтарын қамти отырып алғашқы үшеуін іске 
асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет