№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд



Pdf көрінісі
бет50/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, 
Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам 
болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет 
және коммуникация
. Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Латынның 
«культура» сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына 
бейімдеу дегенді білдіреді. В.Даль культура сөзінің мынадай мағыналарын 
берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту», «білім, ақыл-ой және ізгілік». 
Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының 
дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Мәдениеттің 
толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа 
орайластырылған адамның «екінші табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап 
көрсетеді. 
Терминнің мазмұны табиғаттың, адамның және оның қызметінің 
ажырамас бірлігін білдіретін бастаудың мәдениетте екендігін көрсетеді. 
Мәдениеттің 
негізгі 
міндеттеріне 
мыналарды 
жатқызуға 
болады: 
көндіктірушілік; құндылықты нормативтік; әлеуметтендіргіш; ұйымдық 
реттегіш; ізгілікті; коммуникативті ақпараттық. 
Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі – ізгіліктік болып табылады. 
Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани 
жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі 
мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті «ЖЭНЬ»-
адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның 
ең дәл мәнін А.Швейцардың мына сөзімен беруге болады. «Бірде-бір адам 
зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы 
этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі – өмірдің 
кез-келген нысаны алдында имандылықта сақтауды талап етеді». 
19-20 ғғ. психоаналитикалық теорияның пайда болуы адам мен 
мәдениетті түсінуде өзіндік «антропологиялық революция» жасады деп айтса 
болады. Психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд өзінің «Тотем және 
табу» еңбегінде культурогенез мәнін алғашқы мәдениет құбылысы арқылы 
ашады. Тотемизмнің алғашқы мағынасын ашуға тырысқан ол мәдениет 
феноменін түсінуде тыйым салу жүйесінің, яғни табудың үлкен мағынасы 
бар екендігін көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастарға тыйым салу және 
оны невроз тудыратын және бейсаналы салаға ығыстырып шығару түптеп 
келгенде адамзат тарихының ең ежелгі сатысында пайда болған мораль мен 
құқықтың қоғамдық нормалар. З. Фрейдтің теориясында қалау- тілектерге 
тыйым салу немесе мәжбүрлеу мәдениеттің негізі болып табылады. Оның 
көзқарастарының негізінде адамдағы табиғи бастау, бейсаналылық, кысым 
көрсету мен табиғат нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр 
деген ой-тұжырым жатыр. 
Фрейдтік «мәдениет» термині адамдардың табиғатқа билік жүргізу 
барысында игерген білімдері мен әдіс-тәсілдерді, адам қажеттіліктерін 
қанағаттандыру мақсатында игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретін 
айта кету қажет. Сонымен қатар фрейд теориясы адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды, әсіресе игерілген игіліктерді бөлуді реттейтін институттарды 


да қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда мәдениет бір жағынан адамды сыртқы 
ортаның факторларынан қорғап, табиғат игіліктерін игеруге және оларды 
адамдар арасында бөлуге үлесін қосады, ал екінші жағынан мәдениет адамды 
оның қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді. 
Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория болмаса да, 
адам психикасын тануда және оның терең қырларын ашуда, сонымен қатар 
адамзат қоғамынының дамуын түсінуде маңызды қадам болды. Мәдениеттің , 
оның пікірінше, екі маңызды қыры бар: 
- бір қыры, ол адамға табиғат күшін игеруге және өзінің қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін одан материалдық игіліктер алуға мүмкіндік беретін 
адамдар алған барлық білім мен іскерлікті қамтуы. 
- екінші жағынан, оған адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеу үшін, 
әсіресе қол жетімді материалдық игіліктерді бөлу үшін қажетті барлық 
белгілер кіреді. 
З.Фрейдтің айтуынша, әрбір мәдениет алғашқы талап-тілектер, 
қажеттіліктер күштеу, мәжбүрлеумен және басумен құрылады. Сондықтан, 
адамдарда қоғамға қарсы және антимәдени үрдістер жиі кездеседі. 
Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет зерттеушісі, Карл 
Густав Юнгтың концепциясына сәйкес, мәдениеттің қалыптасуында 
адамдардың образдарын, ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф, 
ертегілер, аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын уақыттық 
жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері (қоғамдық бейсаналылықтың 
психикалық құрылымдары) негізгі роль атқарады. 
К. Юнг сексуалдылық теориясын теріске шығарып, либидо түсінігін 
тұлғаның психикалық үрдістерінің белсенділігін анықтайтын және мәдениет 
пен өркениет дамуының психоэнергетикалық негіздерін анықтайтын 
психикалық энергия деп түсіндіреді. Швейцариялық ғалымның ойынша, 
халықтардың өмірі психологиялық заңдарға бағынады, ал халықтың жаны 
жеке тұлғаның күрделенген жанының құрылымы. Тек сана мен бейсананың 
үйлесімділігі ғана сау және рухани бай тұлғаларды қалыптастырып, қауіптің 
алдын алады. Рухани мәдениет және шығармашылық бейсана шарттарында 
негізделеді. Шығармашылық үрдіс архетипті бейсаналық жандандыру мен 
оны ашудан, оның толық аяқталған өнер туындысына дейін көтеруден 
тұрады. 
Н.Я.Данилевский – орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, 
публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген 
өркениетті көзқарастың негізін салушы. Негізгі идеялары: жалпыадамзаттық 
өркениетті сынау. Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-
экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер 
тұжырымдамасы. Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық 
материалға қарсы тұрады. Ғалым мәдени қызметтің төрт түрін бөледі: а) 
діни, Б) мәдени (ғылыми және эстетикалық шығармашылық), в) саяси, г) 
қоғамдық-экономикалық. 
Данилевский келесі мәдени-тарихи типтерді (немесе өзіндік 
өркениеттер) ерекшелейді: 1) Египет, 2) қытай, 3) ассирия-вавилон-


финикиялық, 4) Үнді, 5) Иран, 6) еврей, 7) грек, 8) Рим, 9) жаңа-
семитикалық, немесе араб, 10) Герман-романдық, немесе еуропалық, 11) 
мексикалық, 12) Перуандық (соңғы екеуі өз дамуын аяқтамаған). Бір мәдени-
тарихи түрдегі өркениеттің негіздері басқа түрдегі өркениеттерге берілмейді. 
Мәдени-тарихи түрдің өсу кезеңі айқындалмаған. Олардың гүлдену және 
даму кезеңдері қысқа болып келеді. Кейбірі біржола жойылып кеткен. 
Мәдени – тарихи түр этнографиялық жағдайдан мемлекеттікке және одан 
өркениеттікке қарай дамиды. Тарих барысы бір-бірін ығыстыратын мәдени-
тарихи типтердің өзгеруінен көрінеді. 
Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әртүрлі оның сан-
алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре 
түседі. 
Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда 
мынадай екі ерекшелік байқалды: 
– мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі 
ретінде қарастыратын субъектілік, қазметтік ерекшелік; 
– мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір 
қорытындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық 
көзқарас. 
Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың 
тарихи қалыптасқан жүесі ретінде көрінеді.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: мәдени және рухани 
құндылықтар; 
– мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, 
тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай-ақ мемлекеттік жүйе, сот 
өндірісі, армия, білім жүйесі сияқты организмдер жатады; 
– мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, 
дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады. 
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелік деңгейі тұрғысынан 
берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді. 
– ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; 
– әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, 
нанымның ролі орасан зор. 
Мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат 
жасаған материалдың және рухани байлықтың жиынтығы. 
Мәдениет – материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, 
“Материалдық мәдениет” дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде 
қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың 
жиынтығы. “Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, 
мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды 
қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып 
табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы 
белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада 
дамиды. 


Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып 
табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің 
табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны 
және негізі – дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін 
адамгершілік рухында тәрбиелейді. 
Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін 
қоғамдағы мәдениеттің ролі деп атайды. 
Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: 
көндіктірушілік; 
құндылықты-нормативтік; 
әлеуметтендіргіш; 
ұйымдық реттегіш; 
ізгілікті; 
комуникаттивті-ақпараттық. 
Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге 
байланысты, олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға 
көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі. 
Құндылықты-нормативтік міндет нормалардың, құндылықтардың, 
дәстүр мен әдет ғұрыптың, мәдени үлгінің сапталуы мен берілуін 
қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, 
қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылыққа бейімделу, егер 
ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени 
деңгейін көрсетеді. Әлеуметтендіргіш міндеті адамның алдына оның 
қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды 
игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің 
өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының 
ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына 
қарай оған әсер ете білуге тиіс. Ұйымдық-реттеушілік міндеті қоғамның 
немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында 
қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған. 
Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін 
жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы,ру, тайпа, жыныстық одақ), 
әлеуметтік (тайпа, ру одақтары), әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және 
кәсіби одақтар). Ұйымдық-реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық 
субектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет