Философиялық ілімнің арнайы бөлімі ретіндегі
тарих философиясының
бастапқы нүктесі ретінде Гегельдің «Тарих философиясы бойынша
дәрістері» саналады.
Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында
бірінші болып философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи
процестің парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына алғаш тарихи
берілген бағаны әзірледі.
Еуропада тарих философиясына қызығушылық
Француздық Ағарту
дәуірінде пайда болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп,
дүниежүзілік тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың
қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялық-теориялық
негіз-
демесінсіз қамтып келді.
Деректерді білу ретіндегі сипаттау тарихы мен та-рихи процестің теориялық
қайта құрылуы арасындағы айырмашылықтардың дәлелдемесін Ж.-Ж.Руссо
берді. Бірақ оған дейін Д.Вико «жаңа ғылыммен» зерделенетін «мәңгілік
мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық тарихынан бөліп
ажыратты.
Материалистік негізде тарих философиясын К.Маркс жетілдірді. ХХ ғасырда
білімнің бұл саласына үлкен үлес қосқандардың қатарында К.Ясперсті, А.
Тойнби мен У. Ростоуды атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: