еңбегінің авторы. Ол өзіне дүниежүзілік тарихтың өркениетті тудыруға да,
оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды.
Өркениеттердің мәңгілік еместігі ХХ ғасырдың басындаақ күмән тудырған
жоқ. Тойнби өз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның
түсінуіне тұрарлық) тақырыптық өрісін анықтау әрекеттерінен бастайды,
содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы
тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, Тойнби
мемлекеттің ұлттық тарихының көптеген оқиғалары Англияның мыңдаған
әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің тарихынан бөлек ұғынуға
келмейтіндігін көрсетеді.
Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігіретінде Англия мен
оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері ретінде кіре
алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы керектігін
білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «өркениет» ретінде, ал нақтырақ айтқанда –
«христиандық Батыс өркениеті» немесе жай «батыс өркениеті» деп
анықтайды.
Өркениеттер генезисінің үш негізгі құраушылары ретінде, Тойнбиге
сүйенсек, әмбебап мемлекет, ғаламдық шіркеу және тайпалардың қозғалысы
болып табылады. Бұл құраушылардың болуы өркениеттің болғандығы
туралы айтуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, өркениеттер өздігінен пайда бола алмайды; оның дамуы басталуы
үшін, ерекше тарихи жағдай қажет етіледі. Осы тәрізді жағдайды Тойнби
«Үндеу-және-Жауап» жағдайы түрінде белгілейді. Ал өркениет генезисінің
барлық үш негізгі құраушысы бола тұра, Үндеу болмаған жағдайда, Жауап та
болмайды, бұл өркениеттің де болмайтынын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: