24
1937-1938 жылғы жүргізілген сталиндік жаппай қудалаушылық пен
1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы ӛте үлкен қырғынға ұшырады.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес
қосқан
қазақтың кӛптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны
болды. Мұның ӛзі ұлт мәдениетінің ӛсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды.
Соғыстан кейінгі жылдары жаппай орыстандыру мәселесі қолға
алынды. Қазақстанның тың жерлерін игеру мақсаты отаршылық
принципке негізделіп, ӛкімет тарапынан жүзеге асырылып отырды.
Мемлекеттік басқару жүмыстары, іс қағаздары,
қоғамдық жиындар
бірыңғай орыс тілінде жүргізілді. Шеттен келген басқа ұлттардың
Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткізген ӛкімет саясатының
нәтижесінде кӛптеген қазақ мектептері, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы
оқу орындарындағы қазақ бӛлімдері қысқартылды.
Халық педагогикасы жӛнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек
қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы
деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар
ұйымдарының тәрбие жүмыстары коммунистік идеологияға негізделді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде
пайдаланылды, қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған
әдістемелік нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.
Дегенмен, ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының
қоғамдық ӛмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар:
М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат
ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші»,
«Психология»
атты
еңбектері,
С.Кӛбеевтің,
Н.Құлжанованың,
М.Әуезовтің,
М.Дулатовтың,
Қ.Жұмалиевтің,
Е.Смайыловтың,
М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғүланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына
ұлттық сана-сезім кӛзқарасын қалыптастырды.
Кеңестік дәуірде педагогика, психология
ғылымдары саласында
М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтің,
А.П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдің, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың,
Ә.Сыдықовтың,
Қ.Бержановтың,
Е.Суфиевтің,
А.Темірбековтің,
А.Асылбековтың, Қ.Б. Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның,
М.Мұхановтың,
А.Мәдиннің,
С.Мусиннің,
Ә.Б.Сейтешевтің,
Т.А.Умановтың,
Н.П.Хмельдің,
А.Кӛбесовтің
т.б.
әлденеше
монографиялық еңбектері жарық кӛрді. Педагогикалық ғылыми-
әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп
мұғалімдері мен педагог ғалымдардың еңбектері үнемі жарық кӛріп
отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде
шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты.
Қазақ мектептері, негізінен, ауылды жерлерде орналасқандықтан,
оның материалдық-техникалық базасына кӛп мән берілмеді. Мектептегі
оқу-тәрбие жүмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық
тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған,
орыс тілінде жазылған
еңбектердің аудармалары арқылы жүзеге асырылды.