Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар


 Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта ғасыр



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
2. Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта ғасыр 
ғҧламалары мен ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері (X-XV ғ.ғ. 
аралығы). 
IX-X ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге 
(Қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бӛлініп, 
Араб 
Халифаты 
империясының 
Орта 
Азия 
мен 
Қазақстан 
территорияларына үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты. Арабтар ислам 
дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білім де әкеледі, нәтижесінде түркі 
халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, 
Низами, Науаи, Қашқари, Иассауи, Баласағұн және басқалары араб тілі мен 
мәдениетін меңгерді. Оның үлкен прогрессивтік маңызы болды. Кӛптеген 
шаһарларда діни медреселер ашылды, ғылым мен білім деңгейі артты. 
Медреселер діни ілімдермен ғана шектеліп қалмай, арифметика, медицина, 
жақаннама (философия), дінтану, астрология сияқты әлемдік маңызы зор 
дәріснама беруді басты мақсат етті. Бұл жерде қазақ топырағындағы 
Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екінші Аристотелі атанған 
ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) еңбегіне ерекше тоқтала 
кетуге тура келеді. Бірнеше ұлттың тілін білген, ғылым-білім іздеп, бар 
ӛмірін сол жолға сарп етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әл-
Фараби бабамыздың тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз. Оның сан-
салалы трактаттарында («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сӛздері», 
«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Риторика» («Шешендік 
ӛнер негіздері»), «Қайырлы қала тұрғындарының кезқарастары туралы 
трактат» 
т.б.) 
педагогикалық, 
психологиялық, 
философиялық, 
дидактикалық және әдіснамалық ой-пікірлері баяндалған. Бұл еңбектерінде 
оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, кӛрнекі болуына, сондай-ақ 
дағды, әдет, қабілет, икем, мінез, бақыт т.б. тәлім-тәрбиелік ұғымдарға 
түсінік береді. Кӛз жеткізу, иландыру, мойынұсындыру тәрізді әдіс-
тәсілдерге талдау жасайды. «Математикалық трактаттарда» Фараби жүзден 
аса геометриялық есептердің шешілу әдістерін, олардың құрылымын және 
шығару жолдарын түсіндіреді. Аристотельдің жан туралы ілімін одан әрі 
дамыта отырып, Шығыс әлемінде тұңғыш рет психологиялық терминдерді 


18 
тізбектейді. Фараби жан жүйесі туралы ілімдердің сан-салаға бӛлінетініне 
(музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып), түрлі іс-
әрекеттерге қарай жетілуіне тоқталады. Фараби мұралары Орта Азия мен 
Қазақстан 
халықтарының 
философиялық, 
психологиялық 
және 
педагогикалық ой-пікірлерінің әрмен қарай ӛріс алуына ерекше ықпал етті. 
Мәселен, X-XV ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан 
топырағында медресе шәкірттеріне арналып математика, логика, этика 
пәндері бойынша кӛптеген оқу құралдары жарық кӛрді. Тавтазани жазған 
«Мантик» (Логика) оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы 
қолданылып келді. Тавтазанидің ізбасарлары ортаазиялық ойшыл-
ғұламалар Диуани (XV ғ.) мен Жүсіп Қарабағи (XVI ғ.) жазған кітаптарды 
қазақтың ұлы ағартушысы, ақын Абай Құнанбаевтың пайдаланғаны мәлім 
болып отыр. 
Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын «Диуани Хикмет» атты 
кітап жетпіс жыл бойы діни-мистикалық еңбек деп біржақты бағаланып, 
беті ашылмай келген, ал шындығында ӛзінің ақыл-парасат, ӛсиеттілігімен 
бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын таңдандырған, XI ғасырда ӛмір сүрген 
әрі ақын, әрі ғалым-философ, тарихшы Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың 
ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз. Иассауидің 
еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П.Ахмеров, В.Бартольд, 
М.Массон т.б. бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп, ӛз пікірлерін ортаға 
салып келсе, бұл бағытта оның туған топырағы Қазақстанда арнайы 
зерттеу еңбектерінің шықпауы ӛкінішті-ақ. Иассауи еңбектерінде баса 
айтылатын, адамды тура жолға бастаушы жаратушы күшке табыну, оның 
хақтығына тағзым ете отырып, қиянатсыз, бейкүнә, адал жандарды 
тәрбиелеу жайлы тұжырымдар ғылыми зерттей түсуді қажет етеді. Бұл 
жерде Иассауидің софылық еңбектері ӛзінен кейінгі ақын-жазушылардың 
дүниетану кӛзқарастарына, қала берді жазба әдебиеттеріміздің шырқау 
биігі атанған Абайға да азды-кӛпті әсерін тигізгенін айта кету қажет. 
Иассауи айтқандай, Абай да «құдай – хақ, иман – парыз» дей отырып, 
«жақсылық-жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған құдай емес. 
Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті 
жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес... құдайдан қорық, 
пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт... Иман, обал, сауап бар 
жерде әділет бар... Хақтың жолы осы», - деп, халықты имандылыққа, 
мейірімділікке, әділеттілікке, оқу-ағарту ісіне үндеген. 
XI-XII ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық-
педагогикалық трактаттар кӛп тарады. Мәселен, Жүсіп Баласағұнидің 
«Құдатғу білік» («Құтты білік») атты кітабы сол кездегі түркі тілдес 
халықтардың дүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді. Мұнда 
адамға білімнің қажеттігі, оның тірліктегі мәні, бақыт туралы адамның іс-
әрекетінің оң мен терісі, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші 
ӛкімдерге қажетті асыл қасиеттер, әртекті жұртшылық ӛкілдерінің тілін 
таба білу т.б. хақындағы ой-толғамдар, сондай-ақ отбасы мен неке, ұл мен 


19 
қыздың ӛнегелі тәрбиесі, баламен ата-ананың қарым-қатынасына 
байланысты мәселелер жан-жақты сӛз болған. 
Ілкі орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш – түркі 
тілдерінің сӛздігі, халықтың сӛз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті 
Махмұт Қашғаридың «Диуани лұға-ат-түрік» атты еңбегі болды. Бұл 
сӛздікте этнопедагогикалық және моральдық-психологиялық мазмұндағы 
қызықты топшылаулар аз емес. 
Осы ӛңірден шыққан екінші бір ойшыл – Ахмет Жүйнекидің (XII ғ.) 
«Хибатул хикайқ» («Ақиқат сыйы») атты шығармасында ілім-білімді игеру 
ісінің халық үшін пайдасы, оның кӛзқарасының бұқарашылық сипаты, 
гуманистік ой-пікірлері айқын сипатталады. Ол сол замандағы адамдардың 
бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық қасиеттерін атап қана 
қоймай, сонымен бірге бірсыпыра пайдалы кеңестерін де ұсынды. 
Мысалы, «Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа», «Бастық 
болсаң, жайсаң бол», «Кәріге де, жасқа да құрмет кӛрсет», «Айтар лебізінді 
алдымен ойланып ал» т.б. ұлағатты ӛсиетнамаларын айтады. 
Қазақстан мен Орта Азия жеріне XIII ғасырдың басында Шыңғыс 
ханның жаулап алушылары басып кірді. Кӛп ұзамай, бұл аймақ 
моңғолдардың ұлан-асыр империясының құрамына енді. Орыс 
жылнамаларында мұны Алтын Орда дәуірі деп атайды. Шыңғыс хан 
шапқыншылығына ұшыраған қазақ даласы алаулаған ӛрт құшағында 
қалды. Кӛне мәдениет кӛздері – Отырар, Сығанақ, Исфиджаб қалаларын 
жалын жалмады. Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның мәдени жағынан 
дамуын бірнеше ғасырға кешеуілдетті, оның дербес мемлекет болып, 
егемендік алу ӛрісін барынша шектеді. Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы 
Ресей қол астына қарағанға дейін (1731 ж.) қазақ жері кескілескен 
шайқастардың, қанды майданның үлкен арнасына айналды. Жат жерлік 
басқыншылар ондаған қалалар мен елді мекендерді жермен-жексен етті. 
Осы ӛлкеде тұратын халықтардың экономикасы да, рухани ӛмірі де қатты 
күйзеліске ұшырады. Әл-Фараби дүниеге келген Отырар қаласы, ондағы 
атақты кітапхана, медресе, керуен сарайлары т.б. мәдениет ошақтары 
жойылып кетті.
Атақты астроном Ұлықбектің әлемде теңдесі жоқ обсерваториясы – 
ортағасырлық үлкен ғылыми жетістік болып саналды. 
Алтын Орда мемлекетінің кезеңдерінде пайда болған «Бабырнама» 
(«Бабыр дастаны»), ал Хорезмидің «Мухаббатнама», Саиф Сарайдың 
«Қырық бір батыр жыры», «Гүлстан бит турки», Құтыптың «Хұсрау 
Шырын» сияқты туындылары сӛзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік 
ықпалын тигізді. Бұл кезеңдердегі тәлім-тәрбие кӛріністері негізінен 
әскери-жауынгерлік бағытта ӛрбіді. Ел қорғау мәселелері ұлы ойшылдар 
мен ақындар шығармаларының ӛзегі болды. Ата-аналар ұрпақтарының ең 
алдымен қайратты, епті және намысқой, ӛнерлі болып ӛсулерін талап етіп 
отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет