Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет8/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
3-дәрісбаян 
 
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ 
Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы біздің заманымызға 
дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт 
болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын 
тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Себебі, қазақ халқы, жалпы адамзат 
баласы пайда болған кезден бастап-ақ ұрпақ тәрбиесімен айналысқан.
Қазақ халқының ӛте әрідегі ата-бабаларының ӛмір сүрген кезінен (VI 
ғ., Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе 
жатқан рухани мұраларының бірі – халықтық педагогика. Халықтық 
педагогикамен қатар «этнопедагогика» атауы жиі қолданылады. 
Этнопедагогика 
– 
халықтық 
тәлім-тәрбиені, 
оның 
тәжірибесін 
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол 
халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын 
ӛткел іспеттес ғылым. 
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық 
педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тастағы жазулардан (Күлтегін, 
Білге Қаған, Тоныкӛк т.б.) басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа 
арқылы бізге жетіп, оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған 
– тәлімдік ойлар тарихы ӛзектестігімен ұлттық педагогиканың 
(этнопедагогиканың) дамып, ғылым болып қалыптасқанын кӛрсетеді. 
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы қазақтың 
жазу мәдениеті негіздерімен байланысты (руна жазуы, араб жазуы, латын 
жазуы, кириллица жазуы). Ұлттық (этностық) тәлім-тәрбие негіздері 
ежелгі тас жазуынан кӛрінеді. 
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор 
жырлары мен мақал-мәтелдері, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-
Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалатын, кӛркемдік мәнді 
білдіретін ұлағатты сӛз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті 
білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың кӛркем кӛріністерінде, 
ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жӛніндегі 
тұжырымдары, Ахмет Иассауидің діни тәрбиенің мәні туралы ойлары
Жүсіп Баласағұнидің кемелді ел болу жолдарын кӛрсетуі, Мұхаммед 
Хайдар Дулатидің ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың ӛсиеттері, 
Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру 
үшін істеген әрекеттер, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, 
Мағжан 
Жұмабаевтың 
қазақ 
педагогикасын 
түзуі, 
Жүсіпбек 
Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, кейінгі 
ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, 
пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың (халық педагогикасы 
мен педагогикалық ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының дамып, 
қалыптасу жолдарын кӛрсетеді.


16 
Қазақ этнопедагогикалық ойлардың даму тарихына және кезеңдеріне 
тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет