Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырма
Бақылау сҧрақтары
1.
Этнопедагогиканың қазiргi қоғамымызда алатын орны, қажеттiлiгi
туралы айтыңыз.
2.
Этнопедагогика пәнi қандай мәселелерді зерттейді?
3.
«Халық
педагогикасы»
мен
«этнопедагогиканың»
қандай
айырмашылығы және ортақтастығы бар?
4.
Халықтық
педагогика
қағидаларының
ғылыми
педагогика
принциптерiмен қандай байланысы бар және ерекшелiктерiн атаңыз?
5.
А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров т.б.
педагогикалық ойдың дамуына қосқан үлестерi.
6.
Қазақ этнопедагогикасының негiзiн салушы кӛрнектi педагог-
ғалымдар.
2-дәрісбаян
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде
оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында кӛрсетілгендей...
«Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-
дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші
ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және
мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі –
орыс тілінің жетіліп кӛркеюіне баса назар аудару», т.б. болмақ. Бұл пәнде
кӛзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық
жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану кӛзқарасын
қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында ӛздерінің ата-
бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз
11
ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт ӛмірде шапшаң қарқынмен дамушы,
гүлденген отанының патриоты болып ӛсуі тиіс.
Президент ӛзінің Қазақстан халқына арнаған үндеуінде «мемлекетке
қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән беріледі.
Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады» дейді.
Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңның «білім
жүйесі» аталатын екінші бӛлімінде «Білім беру жүйесінің басты
міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат
даярлау... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген,
халықтық дәстүрлерді қастерлейтін... халықтар достығының негізінде
тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттерімен
құқықтарын сезінген... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа
да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір
тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды
тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы – педколледждер мен
университеттерде оқып, білім алып жатқан студент-жастар.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын,
ғылыми негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыда
игерудің
теориясы
мен
әдіс-тәсілдерін
меңгерту
мәселесімен
этнопедагогика пәні айналысады. Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның
этностық
(түп-тұқияндық)
ерекшеліктерін
айқындайтын
ғылыми
салаларына «этнос» түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология,
этнопедагогика т.б.). Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы – халық
педагогикасындағы ӛрнекті ұғым – әдеп. Әдеп – эстетика ғылымының
«этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды
баламасы. Әдеп – ұлттық педагогиканың, яғни қазақ этнопедагогикасының
алтын арқауы, тәлімдік кредосы. «Әдеп» сӛзінің мәні қазақ тіліндегі
ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени тұрмысын ұғындырады. Әдеп –
эстетиканың ӛмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы
алтын ӛзегі.
Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бір ме?
Болмаса олардың ӛзіндік ерекшеліктері, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар
болса, ол қандай? Этнопедагогиканың зерттеу объектісі не? Енді осы
мәселелерге арнайы тоқталайық.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта «Халық
педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы тӛрт
тұрғыдан қарастырып жүр. Олардың біріншілері: халықтың санасына тән
рухани құбылыс (феномен) деп қараса, екіншілері: әр халықтың
педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері: халықтық педагогикалық
ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі, тӛртіншілері: халық тәрбиесі туралы
ғылым деп қарайды.
Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым
Е.Л.Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық
12
санасы» деп, ал «дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың
санасы» ретінде қарастырады.
Зерттеуші педагог Г.С.Виноградов халық педагогикасын халықтың
педагогикалық мәдениетінің құрамдас бӛлігі ретінде қарастырып, оны
«жүйе» дегеннен гӛрі, «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді
құптаған. Г.С.Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын
педагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала
тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес
қосқан кӛрнекті ғалым-педагог Г.Н.Волков педагогикалық әдебиеттерге
тұңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгізген. «Этнопедагогика –
халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың
педагогикалық кӛзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи
жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді... Халық
педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде,
ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған
педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы.
Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін
пайдаланылатын
педагогикалық
мақсаттың,
міндеттердің,
әдіс-
құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен ӛзара байланысы» дей келе,
«...Бұл білім мен мағлұматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу
тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие объектісі – адам, тұлға», - дейді Г.Н.Волков.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халық педагогикасы. Халық
педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне
негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде
қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сӛз ететін ғылыми
педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың, тайпаның ӛзіне тән
ерекшелігі
бар
дүниетанымдық,
тәрбиелік,
мәдени
мұрасы.
Этнопедагогика – педагогика ғылымының негізі. Этнопедагогика ғылымы
екі саладан тұрады:
1) халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралады.
2) ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі кӛрінісі.
Яғни, ата-бабамыз жинақтаған тәжірибе, атадан балаға ауызша,
әдебиет арқылы немесе үйелмендік мирас ретінде беріліп отырды.
«Халықтық педагогика, - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, -
тәрбие жӛніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық
педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы
халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, семья тәрбиесінің
тәжірибелері т.б. жатады... Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек
тәрбиесі және ӛндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа
қалдыру» (ХІ том, Алматы, 1977, 591-бет).
13
Этнопедагогика ғылымын зерттеу жұмыстарымен кейінгі кезде кӛп
ғалымдар айналысып жүр. Олардың қатарына С.Қалиев, Ә.Табылдиев,
Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Ғаппасов т.б. Сол себепті этнопедагогика
ғылымы туралы анықтамалар кӛп. Осы анықтамаларды талдасақ,
этнопедагогиканың ӛзіндік ерекшеліктері айқындалады.
1. Этнопедагогика ғылымы педагогика ғылымынан бұрын
қалыптасып, халықпен бірдей жасасып келеді.
2. Ертеде қалыптасқан сӛз шеберлігінің ауыз әдебиеті арқылы кейінгі
ұрпаққа жетіп іске асуы. Мысалы, Қорқыт ата туралы аңыз.
3. Этнопедагогика ғылыми зерттеу объектісі ғана болып қоймай,
педагогикалық теорияның, әсіресе отбасындағы теорияның дамуына әсерін
тигізді.
4. Халықтың адам дамуына әсер ететін факторларды толық түсіне
алмауы:
а) тұқым қуалаушылыққа сенбеуі – адамның маңдайына жазуына
байланысты деп түсінуі (құдай қосты мен кӛндім);
ә) оқуға бермеуі, құран үйретуі;
б) орта туралы халықтың ӛз кӛзқарасының болуы «ұлың ӛссе ұлы
жақсымен ауылдас бол, қызың ӛссе қызы жақсымен ауылдас бол».
5. Арнайы білімі жоқ болса да халық балалардың психологиялық
ерекшеліктерін жақсы білген.
6. Этнопедагогикады нақты заңдармен жүйеленген білім, ғылыми
ұғымдардың жоқ болып, халық даналығының терминологиясында
жергілікті диалектілер, ырым-жоралардың таңба болып қалуы. (Мысалы,
әулиелерге сиыну, там салу т.б.)
7. Халықтық педагогиканың шығармашылық негізі – оның
ұжымшылдығы. Мысалы, тәрбие туралы нақты сӛздер жеке адамның емес,
бүкіл халықтың ұжымдық шығармашылығы.
«Ӛнерлі жігіт ӛрге озар, ӛнерсіз жігіт жер соғар».
«Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады».
8.
Халық
шығармаларының
ӛмірмен,
тәжірибемен
тығыз
байланыстылығы. Мысалы, жануарлар туралы ертегілер.
9. Қоғамдық мәдениеттің ең асылын ӛзіне сіңіреді.
үлкенді сыйлау;
ата-ене құрметі;
қонақжайлылығы;
кішіпейілділігі.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен
батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сӛздер мен
айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде кӛптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ
тәрбиесінің негізгі түйіні – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене,
отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық
орындары (ясли, балалар бақшасы т.б.) болмаса да, ӛз ұрпағын бесікте
жатқан кезінен бастап-ақ ӛлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ
14
арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған
ортаның құпиясын ғылыми тұрғыда сезініп білмесе де, жапан дүзде
жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып,
қаршадайынан-ақ есіту, кӛру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын,
жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды кӛзге атып түсіретін мерген де
болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан,
бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бір естігенін
қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір кӛшпелі халықтың
баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алатын болған.
Сӛз ӛнерінің әдемі кестелері олардың сӛйлеу қорын байытып, мағыналы да
мәнді сӛйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі
әржақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі-
бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отыратын.
Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға таза ғылыми негіздегі
білімдерді бере отырып, олардың жүректеріне рухани және адамгершілік,
имандылық құндылықтарын енгізуді екніші қатарға қалдырады немесе
тіпті мән бермейді. Соның салдарынан жастарымыздың бұзылып,
адамгершілік, имандылық дегеннің не екенін білмей ӛсуіне әкеліп соғуда.
Қазіргі кезде кӛп ата-ана баламыз компьютерді, ағылшын тілін
меңгерсе болды жетілген тұлға болады деп ойлайды. Ең алдымен әрбір
бала адами тамаша қасиеттерді бойына жинақтаған дұрыс адам бола білуі
шарт. Сонан кейін ғана білімін тереңдете алады. Адамдардың адами
рухани-адамгершілік
құндылықтарының
орнындағы
кемшіліктерді
ешқандай да академиялық білімдердің толықтыра алмайтынын ӛмірдің ӛзі
кӛрсетіп отыр. Қазір қоғамымызда балаларға тек қана ғылыми білімдер
ғана емес, бәрінен бұрын қайырымдылық, мейірбандылық және
сүйіспеншілік туралы білім керек деген қорытындыға келіп отыр. Бұл
сияқты мәселелер жӛнінде қазақстандық ғалымдарымыз М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, А.Кӛбесов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева,
Қ.Сейталиев, Ә.Табылдив т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, рухани-
ұлттық мұраларымызды жандандыра бастағаны кӛңіл қуантарлық жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |