1-дәрісбаян
Тақырыбы: ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ,
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ
ПЕДАГОГИКАМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, ӛнерді
дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін,
жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың
бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сӛйтіп дене еңбегіне де,
ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында ӛмір сүруге икемді, жан-жақты
жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар
жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың
ӛнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт-
дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да ӛзіндік
мақсат-мүдделері,
негізгі
қағидалары
бар.
Тәрбиенің
негізгі
қағидаларының (принциптері) болуы заңды құбылыс.
1 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |