Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар


Қазақ хандығы тҧсындағы ҧлттық тәлім-тәрбие (ақын-



Pdf көрінісі
бет11/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
 
3. Қазақ хандығы тҧсындағы ҧлттық тәлім-тәрбие (ақын-
жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар) (XV-XVIII ғ.ғ. аралығы). 


20 
Қазақ хандығының құрылуы – XIV-XV ғасырларда, Алтын Орда 
мемлекеті 
мен 
Ақсақ 
Темір 
(Бабыр) 
империясының 
ӛзара 
бақталастықтарының нәтижесінде әлсіреп, ыдырай бастаған кезеңдерге 
тура келеді. Қазақ хандығы – сӛзсіз кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен 
ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда 
империяларының занды мұрагерлері болып саналады. 
Алтын 
Орда 
империясының 
ыдырауы 
Русь 
мемлекетінің 
отаршылдық бұғаудан босанып, ӛз тәуелсіздігін алуына әкеліп соқты. 
Шыңғысхан мен Алтын Орда империяларынан саяси тәжірибе жинақтаған 
Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы – қайта ӛрлеу дәуіріне (XIV-XVI ғ.ғ.) 
дӛп келді. 
Тарихтың бұл беті – Шыңғысхан империясының тарихымен бірге 
ӛрбиді. Бір кезде Шыңғысхан, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темір 
империясының отар елі болған Ресей, кейін сол империядан ыдырап, 
бӛлініп шыққан халықтарды (Ӛзбек, Татар, Ноғай, Сібір (Кӛшім), Қырым, 
Астрахань хандықтарын) ӛз империясының отар еліне айналдырды. 
Қазақ хандығының жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында 
(1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес ӛмір сүрді. Бірнеше 
ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды басынан кешіріп, тіпті жер бетінен 
жойылып кете жаздады. 
Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары 
құпия келісім-шарт жасасып, Қытай – жоңғарларды, ал Ресей – 
қалмақтарды қазақтарға қарсы айдап салды. 
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық 
дамуын тежеді, кӛне ғасырлардан бері қалыптасып келе жатқан ғылым мен 
білімнің, тарих пен медениеттің одан әрі дамуына қажетті жағдайлар 
туғыза алмады. 
Қазақ халқының ӛзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі 
қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан 
хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: 
Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали 
Жалайыри Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді 
Шал, Әнет, Тӛле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай Бұқар, Қабанбай, 
Бӛгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. кӛптеген адамдар болды. 
Аузы дуалы ақылгӛй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа ӛнегелі 
сӛздерімен ӛлең-жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, 
берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық ӛмір сахнасына шыға бастады. 
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сӛздері ӛзінің 
тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, 
отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік 
заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгӛй кеңесшісі 
болып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларына басшылық етті, сұрапыл 
қанды майдан кӛріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған 
батырларды жоқтап, ел қайғысын бӛлісті. 


21 
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан ӛздерінің тәлімдік 
идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала 
философтары ерекше кӛзге түскен еді. Халқының қамын жеп, оның береке-
бірлігін, келешектегі бағытын, кӛгерер күнін аңсаған Асан Қайғы (XV ғ.) 
ӛз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн 
кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне «қайғы» деген ат 
қосақталып, аңызға айналды. 
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана 
бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, 
Қадырғали Жалайыри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, 
Бұқар, 
Жиембет, 
Марғасқа 
т.б. 
кӛптеген 
ақын-жыраулардың 
шығармаларын атап ӛткен жӛн. 
XV-XVII ғасырларда ӛмір сүрген қазақ ақын-жырауларының 
поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен 
тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Ӛйткені, жыраулар толғауларынан 
халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-
сүйініші, келер ұрпаққа айтар ӛнегелі ӛсиеті ӛзекті орын алған. Яғни олар 
халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды. 
Қазақтың тәрбие мектебі – ақын-жазушылар мен билердің ӛсиеттері, 
ғибраттары және халық мақал-мәтелдері, тыйым сӛздері мен ұлттық салт-
дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар 
шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі, ересек адамдарға да үлкен әсерін тигізді, 
ұлттың сана-сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне 
айналды. Жалпы ХV-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сӛз еткенде 
олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял ӛрістеу ӛресіне, қимыл, 
әрекет-ісіне қарай үш топқа бӛлеміз. Жауынгер жыраулар: (Доспанбет, 
Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра 
жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп 
шартты түрде жіктеуге болады. Ақын-жыраулар ӛлең-жырларымен де, 
ӛнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп, ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие 
мектебінің ұстазы бола білді. 
Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» – бүгінгі Қазақстан Республикасы 
қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың) негізгі іргетасы болып 
саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед-Хайдар 
Дулатидың «Тарихи-и-Рашиди», «Жаханнама», Қадырғали Қосымұлы 
Жалайыридың «Жамиғат тауарих» (Жылнамалар жинағы), халық 
туындылары: «Наурыз бәйіті», «Нысабнами казах» («Қазақтар шежіресі») 
т.б. ұрпақ танымы үшін аса зор тәлімдік мәнді шығармалары бар. 
Бұл дәуірде мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, ою-ӛрнек пен 
зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ 
(керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсіптер жедел 
дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет