3.
Студенттің шығармашылық ойлауы
– бұл оның проблемаларды шешуде,
жаңаны іздеп табуда логикалық операциялар мен эвристикалық, креативтілік
тәсілдерді қолданудағы ынтасы,
интеллектуалдық белсенділігі мен дербес
конструктивтік іс-әрекетінің
кіріктірілген сапасы.
4.
Студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту моделі
мақсаттық, технологиялық, процессуалдық, бағалаушылық төрт бөліктен
тұрады. Мақсаттық блок аталған дамуды жүзеге асыруға қоғамның,
мемлекеттің талап, сұраныстарын, мақсатын, басшылыққа алатын (іс-
әрекеттік, жүйелілік-құырылымдық, тұлғалық-бағдарлық, мәденитанымдық)
әдіснамалық тұғырларды және принциптерді қамтиды. Технологиялық –
бағдарлама мазмұнын, оны жүзеге асырудағы жұмыс формаларын, әдістерін,
құралдарын анықтайды. Процессуалдық – ұйымдастыру кезеңдерін
(дайындық, негізгі, нәтижелік), рефлексиялық сатыларын (жүйелі рефлексия,
конструктивті бағдар, тұрақтану және т.б.), педагогикалық экспериментті
(анықтау, қалыптастыру, қорытындылау) сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |