Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет135/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

4- матін 
Майқы би (XII - XIII ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге 
қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының 
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» 
деген ескі сөз бар. 
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, 
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу 
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның 
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына 
қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он 
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан ІІІыңғыс ханмен 
қарайлас болған. 
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну 


кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай 
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын қүрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі. 
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған 
бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - 
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 
40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған 
Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» 
таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының 
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен. 
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы 
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ 
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырган. 
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен 
ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға 
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді. 
13. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме 
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі 
қарашасы
сөзін алмастыратын қатар 
A) Ел-жұрты мен халқы B) 
Жалшысы мен малшысы 
C) Баласы мен данасы D) Жұбайы мен жары E) 
Отбасы мен ұрпағы
14. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты? 
A) Тау атымен B) Өзен атымен C) 
Ел атымен D) 
Жер атымен 
E) Ру атымен 
15. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз 
A) Суды шым тоқтатар, 
Сөзді шын тоқтатар. 
B) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, 
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. 
C) Сөздің көркі - мақал
Жүздің көркі - сақал. 
D) Шешеннің сөзі мерген, 
Шебердің көзі мерген. 
E) Ер - елінде, 
Гүл-жерінде. 
16. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы? 
A) Ыбырайымның B) 
Төле бидің C) 
Шыңғыс ханның 
D) Ақарыстың E) 
Ұзынсақалдың 
17. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? 
A) Шыңғыс хан B) Арыстан C) Төле би D) Төбе би 
E) Ақарыстан 
18. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті 
A) Әдепті бала - арлы бала B) 
Ердің атын еңбек шығарар 
C) Ақыл азбайды, білім тозбайды D) 
Өнер алды - қызыл тіл 
E) Бірлік бар жерде тірлік бар 
19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? 
A) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын 
B) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын 
C) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін 
D) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін 
E) Жауға бірінші болып шабатындығын
20. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би 
A) Би, шешен, үш жүздің ханы B) Ақылгөй дана, ел билеуші 
C) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға D) 
Батыр, дана, хан 
E) Әскер басы, дана би, хан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет