хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың
алпысыншы жылдарында-ақ,
Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі
тарихи мәнге ие.
Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек.
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекетгер
біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ
хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен
тең тұра алатын.
7. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?
B) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?
C) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?
D) «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?
E) Қазақ хандығының 550 жылдық
мерейтойы қашан, қайда тойланды?
Достарыңызбен бөлісу: