Ертеде патшаның екі қызы болыпты.
Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше
оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен.
Дегенмен де өсе келе үлкен қызының мінезі өзгере бастапты. Ол үнемі мұңайып,
бақытсыз
кейіпте жүретін болыпты.
Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін
сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді.
«Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызда қонақ болайын. Мүмкін
қызыңыздың қайғысының
себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса,
екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып,
таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар
ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз
өзіне жасалған жақсылықтарды, ал
үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының
астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты.
Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты.
Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны
шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты.
Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі керінер. Сіздің үлкен
қызыңыз өмірінің жаман
жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып,
оғап енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап,
патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
7. Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы беріледі?
A) Саяхатшының C) Кіші қыздың E) Қызметкерлердің
B) Үлкен қыздың D) Патшаның
8. Кіші қыз неге бақытты еді?
A) Патша бетінен қақпайды D) Ақылдылығына сенімді
B) Өзіне жасалған игі істерді ойлайды E) Әкесі қатты еркелетеді
C) Өзінің көркіне көзі тояды
9. Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының
себепшісі
A) Сарай қызметшілері C) Өзі E) Саяхатшы
B) Әкесі D) Сіңлісі
10. Саяхатшы неліктен қыздардың күнделігін жасырын оқыды?
A) Патшалықтың құпиясын ашу үшін
B) Кіші қыздың науқасын білу үшін
C) Қыздардың сырын ашу үшін
D) Қыздардың ақылдылығын білу үшін
E) Қыздар тәрбиесімен айналысу үшін
11. Қай даналық ой (тағылым сөз) мәтіннің түйінін ашады?
A) Құрметті адам болғың келсе – көптің сөзін сөйле, халық жағында бол.
B) Ізгіліктен басқа таусылмайтын, бұзылмайтын байлық жоқ.
C) Шапағатты ойға беріл,
шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл.
D) Тәрбиеліден тәлім, ғалымнан - ғибрат, өнерліден өнеге ал.
E) Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің ақылың болсын.
12. Мәтіннің стилі қандай?
A) Публицистикалық стиль D) Ауызекі
сөйлеу стилі
B) Ресми іс-қағаздар стилі E) Көркем әдебиет стилі
C) Ғылыми стиль
Достарыңызбен бөлісу: