D.
Жазып қалдырылған жазуда.
E.
Шәкірт туындыларының ерекше болуында.
2.Бірінші көрмеге келушілерге қатысты ой
A.
Біткен іске сыншы көп.
B.
Шебердің қолы ортақ.
C.
Сырлы аяқтың сыры
кетсе де,
сыны кеттпейді.
D.
Жақсы сөз - жарым ырыс.
E.
Ұста пышаққа жарымас.
2-мәтін
Қарақал - шөлейтті, шөлді алқаптардағы сексеуіл, жыңғыл, жүзгін және т.б.
бұталар өсетін аймақтарды мекендейтін мысық тұқымдас ірі хайуанат, дүние
жүзі фаунасында өзі аттас туыс-тармағының жалғыз өкілі.
Қарақал - дала сілеусіні, сондықтан да оны көпке дейін ғалымдар «сілеусін» деп
есептеген. Шындығында да, ол сілеусіннен реңінің бірыңғай түске ғана
боялуымен ерекшеленеді. Қарақалдың дене тұрқының ұзындығы - 65-80 см,
құйрығының ұзындығы - 25-30 см. Ал салмағы - 8-17 кг.
Олардың алдыңғы
аяқтары артқы аяқгарымен салыстырғанда қысқа. Арқасы қоңыр сары,
бауыры
ақшыл сары. Танау сүйектері жалпақ. Қарақалдың құлақтары үлкен әрі
құлақтарының ұшында ұзынша келген қара түсті қылшықты шашақтары
болғандықтан, «қарақұлақ» деп те аталған. Оның түгінің түсі
сарғыш қоңырқай
құмның түсіне ұқсас болады.
Қарақал өте шапшаң қимылдайды, қорегін тез арада ұстап алуға бейімделген.
Қарақал
кейде секіріп қарғығанда, құстарды қағып түсіретін алғырлығы бар.
Ондай жағдайда ол құстар тобына жасырынып, бұқпантайлап таяп келеді де,
бірден ұмтылады. Сол кезде енді ұша берген құсты едәуір биіктікке секіріп,
тырнағына іліндіреді.
Олар, әсіресе, құмды жерлерде омір сүруге бейімделген. Табандарына қайратты
қыл өскен. Солардың жәрдемімен денесі құмға батпай,
сусымалы құмдардан
жеңіл жүріп өте алады.
Қарақал елімізде тек Маңғыстау еңірінде ғана кездеседі. Саны аз және таралу
аумағы шағын аймақтарды қамтитын болғандықтан,
Халықаралық табиғат
қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.
Достарыңызбен бөлісу: