Ұзақ батырдың алдына қойғаны «Сен осы маңдағы рулардың шырқын бұзып
осылай барымталап жей бересің бе, жоқ әлде доғарасың ба?!» — дегені екен.
Алдыңғы кеште жолбарыс киелі Қажан баланы соңынан кіргізуі Ұзақ батырдың
сесін қайтаруы көрінеді. Әрі сөйтіп үлкен қолдың соғысуға дайын тұрғанын да
аңғартқан. «Асқанға - тосқан» болатынын сезген Ұзақ батыр алдына қойған
қасықпен екі рет асап, оны төңкеріп қайтарғаны: «Мына тіршілікте көршілерге
істеген қиянатым жетер, мен енді осымен доғарып, алғанымды қайтарайын.
Сонымен іс тамам болсын!» - дегені екен. Осылайша ел аузында «Қараш би Ұзақ
батырмен бар дауды бір қасықпен ғана шешкен» деген сөз қалған екен.
Достарыңызбен бөлісу: