Туризм және спорт факультеті



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі171,33 Kb.
#123343
1   2   3
Байланысты:
2 5208839021219811904

Қазақстандағы қонақ үй бизнесі, ерекшеліктері мен ұйымдастыру құрылымы.
Қазақстанда да қонақ үй шаруашылығының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда 
болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен 
байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың 


алғашқы ғасырына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың 
зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы 
қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалаларда немесе елді-мекендерде 
шатыр құрып түнейтін болған. Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш 
кері әсерін тигізбей,бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан 
арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы 
жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген 
кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй 
шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің 
мысалы ретінде бекеттірді, қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша 
қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында 
алғашқы «Европа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты[10]. 
Тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым 
көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан 
обылыстары аумағында орналасқан. Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан 
бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы 
туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке 
айналдырған – 45,8%, ішкі туризм бойынша – 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу 
көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі 
оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды 
дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, 
оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың 
нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, 
әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың 
қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды[11]. 
Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден 
өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет