Диалектизмдер
– жергілікті жерде, белгілі бір аймақта қолданатын,
яғни өзінің «жекеменшік территориясы» бар тілдік бірліктер. Бұлардың
әдеби сыңарлары болады:
құдағай
(жергілікті) –
құдағи
(әдеби);
маңлай
(жергілікті) –
маңдай
(әдеби);
жылқыдар
(жергілікті) –
жылқылар
(әдеби);
вокзалдан қарсыладым
(жергілікті) –
вокзалдан қарсы алдым
(әдеби);
жұмысқа түстім
(жергілікті) –
жұмысқа щықтым
(әдеби);
әпше
(жергілікті) –
әпке
(әдеби);
шәш
(жергілікті) –
шаш
(әдеби);
чақыр
(жергілікті) –
шақыр
(әдеби) т.б. Сөз мәдениетіне ден қойған, әдеби тілдің
тазалығын көздеген, оның нормасын мойындаған, міндетті деп таныған адам
әлгідей бірліктердің әдеби нормаға сай түрін қолданып, мәдениеттіліктің
үлгісін көрсетеді. Ал мұндайларды талғаусыз жұмсаған жандар өз
мәдениетінің, әсіресе сөз мәдениетінің төмен екенін байқатады.
Сондай-ақ сөз ішінде диалектизмдер жиіліп кетсе, онда тыңдаушы
үшін сөз түсініксіз болып, тілдік қарым-қатынас діттеген жерден шықпай
жатады.
|