Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет115/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

тұрмыстық сөйлеу тілі
және 
қарапайым сөйлеу тілі
деген түрлері бар. 
Ал кітаби тілге 1) 
ресми іс қағаздар стилі,
2) 
ғылыми стиль,
3) 
көркем әдебиет стилі,
4) 
публицистикалық стиль
жатады. 
Сөйлеу тілі // сөйлеу стилі; кітаби тіл //кітаби стиль дегендегі тіл // стиль 
кей жағдайда бірінің орнына бірі жүре беретін, қолайына қарай қолданыла 
беретін мәндес, мағыналас ұғымдарды білдіретін атаулар болып табылады. 


«Кітаби тіл // стиль» дегендерді қайсыбіріміз тек жазба дүниеге 
қатысты деп түсінеміз. Шындығында, бұл термин жазба мәтінге де, ауызша 
мәтінге де қатысты. Кітаби тілдің ауызша түріне радио, -телевизия 
хабарларының тілі жатады. Өйткені радио, -телехабарларда берілетін ақпарат 
ресми ақпаратқа жатады. Сондықтан ресми ақпарат – халық тілінде «ұзын 
құлақ» - сөйлеу тілімен беруді керексінеді. 
Теле, -радиошешен әсіресе публицистика стиліне ерекше ден қоюға 
тиіс. Өйткені газет бағаналары мен радио, - телеарналар публицистикалық 
стильдің «меншіктеп» алған орны. 
Публицистикалық шығарма қалың жұртшылыққа түсінікті тілмен 
елімізде, әлемде болып жатқан уақиғаларды жедел таныстыру, оған талдау 
жасау арқылы қоғамдық пікір қалыптастырады. Радиодан естілер сөздің 
мазмұны музыкамен, табиғи «шумен» (бұлақтың салдыры, жапырықтың 
сыбдыры, мотордың гүрілі, адамның дабыр-дұбыры т.б.), телехабардың 
ақпараттық мазмұны жанды жансыз дүниенің бейнелерімен толыға түседі. 
Дегенмен, бұл компоненттердің бәрінен маңыздысы – сөз. Сондықтан 
жұршылыққа түсінікті сөздер жиі, көбірек қолданудың, жазба мәтінді дұрыс, 
сазына келтіріп дыбыстаудың, тиісті жерінде сөзге логикалық екпін 
түсірудің, жеке сөздердің орфоэпиялық нормаларын сақтаудың маңызы 
ерекше. 
Бұрын, ертеректе, радио, - телехабарлар бағдарламасының жанрлары 
аса көп болмайтын. Қазір бір ғана бағдарламада ресми ақпарат, 
публицистикалық талдама, репортаж, комментарий, «дөңгелек үстел», 
интервью сөйлеу тіліне, ресми ақпарат ресми іс қағаз тіліне, очерк көркем 
мәтін тіліне жақын түсіп жатады. Осының өзі радио, -телеэфирдегі сөздің 
өзіндік ерекшелігі мол, аса күрделі және дербес жүйе екенін көрсетеді. Олай 
болса, бұл салада, бұқаралық коммуникация саласында, қазақ тілі қалай 
жұмыс істеп жатыр? Сала мамандарының кәсіби құралы тіл болғандықтан, 
«оны қалай пайдаланып жатыр?», «жақсы үлгілер мен қатар, кемістік түрі 
қандай?» деген мәселелер үнемі назарда болып, арнайы қарастырылып 
отыруға тиіс. Ал мазмұнның өзі, түптеп келгенде, әдеби тіл, тілдік норма, сөз 
мәдениетінің мәселелерімен ұштасып жатады. Жалпақ жұртпен сөйлесетін 
болғандықтан, радиошешен, телешешен тілдік норма, БАҚ-тың тілдік 
ерекшелігі, әсіресе сөз мәдениеті жөнінде білуге тиіс мәселелер аз емес. 
Ендігі сөз арқауы осылар жөнінде. 
Алдымен, сөз желісін бастамас бұрын, сөз мәдениеті деген ұғымды 
айқындап алуға тура келеді. Өйткені қайсыбіреулеріміздің түсінігімізде сөз 
мәдениеті сыпайы, сынық сөйлеу, сөз ішінде бөтен тілдің элементтерін 
араластырмай, таза сөйлеу дегенге саяды. Бірақ бұл бәлендей дұрыс емес. 
Шындығында, сөз мәдениеті деген ұғымның мазмұны «сіз»-«біз» 
дегеннен әлдеқайда кең, әлдеқайда терең. Сөз мәдениеті дегеніміз, 
қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен, ана тіліміздің иелігінде барша 
дүниеліктерді – тілдің дыбыстық жүйесін, оның ырғақ әуездерін; сөзді, оның 
мағыналық қырларын; сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, 
жалғауларын; сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын 


т.б., – әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әлі бедерлі жұмсай 
білу деген ұғымды білдіреді. 
Әрине, көп жағдайда «әдеби» мен «әдеби емес»-тің, «норма» мен 
«норма емес»-тің, «дұрыс» пен «бұрыс»-тың аражігін ажырату оңай бола 
бермейді. Бұлардың жігін айқындауда «меніңше былай» деген субъективті 
көзқараста емес, әдеби үлгілерге, әдеби тілді жұртшылық мойындаған, 
мәдениетті қоғам мүшелерінің баршасына міндетті деп танылған 
нормаларына сүйенеміз. 
Өздеріңізге мәлім, қазақ тілі ертеден келе жатқан тіл: ол рулық, ру-
тайпалық тіл, тайпалық одақ тілі, суперэтностық тіл дәуірлерін бастан кешіп, 
тарихтың талай толқындары мен тайфундарынан өткен. Сөйтіп, халықтық тіл 
деңгейіне көтерілген тіл. Ал қазіргі қазақ әдеби тілі осы кең шалқар халық 
тілінің аса мәнді, баға жетпес бөлігі, яғни халық тілінің бір формасы. Оның 
негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фальклор мен ауыз әдебиеті, 
публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет (оқулық, 
энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе аса биік 
профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы 
қалыптасты. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның санасында әдеби тілдік 
норма туралы түсінік-таным пайда болды. Ең алдымен, бұл үлгілер халық 
тіліндегі барлы талғау, таңдау, таразылау арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым, 
қоғам 
қайраткерлерінің 
щығармашылығында 
жүзеге 
асып, 
«мәдениеттендірілді». Сондықтан әдеби тілдің көптеген құралы халық 
тілімен еншілес. Алайда халық тілі кеңестігінде кездескеннің бәрі, ғалымдар 
айқындағандай, кейбір көркем сөз зергерлері байқағандай, әдеби тіл 
кеңестігін беттестірсек, әдеби тілден тысқары жатқан едәуір тілдік бірлік 
(единицаларды) байқауға болады. 
Әдеби тіл кеңестігінен тысқары жатқан, бірақ халықтық тілде 
кездесетін бірліктер негізінен 1) диалектизмдер; 2) қарапайым сөйлеу тілі; 3) 
тілдік төсеніші өзгешелеу ескі кітаби жазба тіл элементтері; 4) жаргон, 
арготизмдер; 5) варваризмдер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет