болмайды. Өйткені сөз мәдениеті «дұрыстық» қана емес, сөзді б е д е р л і
ж ұ м с а у деген ұғымды да қамтиды. Сөзді дұрыс жұмсағанымызбен,
нақыш-бедерін
дәл тауып, ақтан тигізіп айта алмасақ, діттеген межеден
көріндік деуге болмайды. Өйткені БАҚ әр түрлі хабарды «құрғақ»
ақпарат
түрінде беріп қоймайды. Радио, -телешешеннің тыңдарман мен
көрермендерге ықпал етіп, олардың қоғамдық пікір туралы белсенділігін де
көтеруге тырысады.
Микрофон ұстаған, я
болмаса жұртшылық алдына шығып, мінбеге
көтерілген адам сөйлемес бұрын алдымен тілдік қарым-қатынастың түрін,
мақсатын айқындап алуға тиіс.
• Тілдік қатынас ресми ме, бейресми ме?
• Сөздің адресаты кім? Жеке адам ба, көпшілік пе?
•
Аудиторияның әлеуметтік құрамы, білім, мәдени деңгейі қандай?
Бірыңғай ма, әлде әр алуан ба?
• Тілдік қатынас біржақты ма, әлде екіжақты ма?
• Тілдік қатынастың мақсаты не? Жай ғана хабарлау ма, ықпал ету
ме?
Міне, осы айтылған тілдік
емес жайттарға көңіл бөлінсе, мыңдаған
сөздің, ондаған тілдік амал-тәсілдің ішінен қарым-қатынастың мақсатына,
жағдаятына, түріне сай келетін ең лайықтысын талғап ала білудің мүмкіндігі
арта түседі. Коммуниканттың діттеген мақсаты айқын болуға тиіс. Атап
айтқанда,
адресаттың сезіміне әсер ету, ой-пікіріне түрткі болу, белгілі бір
әрекетке жұмылдыру, ой салу; өтіну,
талап ету, иландыру тәрізді жайттар
тілдік құралдардың мақсатқа сай болуын талап етеді. Осы мақсаттың
үдесінен шыға білу
Достарыңызбен бөлісу: