қалып барады
(Көз шіркін көруден қалып барады; көз дегенің көруден қалып
барады);
темекісі құрып кеткір жөтелте береді
(темекі дегенің жаман,
жөтелте береді; темекі дегенді айтпа, жөтелте береді т.б.). Бұл келтірілген
жарыспалылардың бірінші сыңары қарапайым сөйлеу тіліне жатады.
К і т а б и т і л ресми қатынас жағдаятында қолданылады. Ғылыми
мәтін, ісқағаз мәтіні, публицистикалық мәтін, сондай-ақ шаршы топ
алдындағы сөз, микрофон алдындағы сөз, лекция, діни уағыз т.б. кітаби сөзге
жатады.
Теле, радиопублицист, әдетте, ауызша сөйлегенде сөз арасына уәжді,
мақсатты түрде белгілі бір мөлшерде әдеби сөйлеу тілінің элементтерін
қосып отыруы ықтимал. Егер сөйлеу тілінің элементтері басым болып кетсе,
эфирдегі сөздің мазмұны төмендеп, ресмилік мәнінен айырылып, отбасында,
үй арасындағы сөздің мазмұнына ұқсап келеді.
Кітаби сөзге (кітаби стильге) көбіне ресми мазмұндағы, ресми реңі бар
тілдік бірліктер, сондай-ақ салтанатты, көтеріңкі мазмұнды білдіретін сөздер
жатады:
білім беру саласы, жол жүру тәртібі, бәсекелестікті дамыту,
жастар тиянақты білім алуда; ғылыми табыс, ту тіккен жер, тарих
сахнасына шықты, бостандық туын желбіретіп
т.б. Әсіресе көтеріңкі үн,
асқақ патетикамен айтылатын сөздерді газет, микрофон материалдарында
тым жиі қолдану, мөлшерін білмей жұмсау сөзді жасандылау көрсетеді.
Адресатқа ондай сөздің тигізер әсері, ықпалы шамалы болады.
Әсіресе әлеуметтік мәні аса маңызды заң жобалары жөніндегі
талқылауларда, референдум, Президент, Парламент сайлауы тәрізді саяси
акциялармен байланысты саяси-публицистикалық дискурста кітаби тілге,
сөйлеу тіліне тән әсіреэмоционалды элементтердің қолдану жиілігі саяси
ахуалдың температурасына қарай жоғарылай түседі. «Жақтастар» мен
«Тілектестер» бірін-бірі дабырайта мақтап, «Қарсыластар» мен «Өштестер»
бірін-бірі дабырайта даттауға дейін барады.
Сөйтіп, кітаби тіл, сөйлеу тілі элементтерінің белсенділігі артып,
«жағымды» немесе «жағымсыз» контекске қызмет істей бастайды. Осындай
жағдаятпен байланысты сөз қолданыстарды БАҚ-тың саяси дискурстағы
тілдік бет-бедерін байқау үшін «Өзім» және «Өзге» деген концептіні негізге
ала отырып, өткен сайлау акциясымен байланысты бірер материалдың
эмоционалды элементтеріне назар аударуға болады. Мұндағы «Өзім»
концептісі – оппозиция. «Өзге» билік жақтастары деген ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: