Графика. Орфография. Орфоэпия


Эфирдегі сөз және оның ритуалдық қырлары



Pdf көрінісі
бет128/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

 
Эфирдегі сөз және оның ритуалдық қырлары.
Ғұмыр жасы жүздеген 
жылмен өлшенетін, заман өзгеріп жатса да, байырғы қалпын бұзбайтын 
құрылымдар тіл жүйесінің дыбыс, лексика, морфема, синтаксис 
деңгейлерінде ерекше орын алады. Сондай-ақ тілде өзгерте беруді 
қаламайтын ежелден қалыптасқан стеоретиптер, этикеттің формалар, 
эталонда т.б. орнықты сөз орамдары болады. Сонымен бірге оларды өзгерте 
бермей, орынды жұмсау аса қажет. 
Амандық-саулық сұрасу, қоштасу, құттықтау т.б. ұлттық 
стеоретиптердің арнайы тілдік таңбалары (құралдары) және олардың «кім-
кімге», «қашан», «қай жерде» деген принципке бағынатын қолдану жүйесі 
бар. Әсіресе тілдік дайын үлгілерді, яғни амандасу, қоштасу формулаларын 
әркім өз қалауынша өзгерте алмайды. Этикеттік сөздер осы қасиетімен 
құнды.
Алайда этикеттік таңбалардың осы қасиетінен бейхабар сөйлеушінің 
бүйректен сирақ шығарып алуы оңай. Мысалы, соңғы жылдары тыңдарман 
эфирден 
құрметті достар, қадірлі ағайын
тәрізді этикеттік қаратпаны жиі 
еститін болды. Тыңдарманды құрметтеу нышаны, әрине, мақұлдарлық жайт, 
бірақ радиохабар аудиториясының әлеуметтік құрамы әр алуан болатынын 
ескеру қажет. Тыңдарман қатарында мектеп оқушысы да, зейнеткер де, 
қоғам, ғылым, өнер қайраткерлері, мектеп мұғалімдері тәрізді зиялы қауым 
өкілдері мен шаруа баққан ауыл тұрғындары болуы ықтимал. Олардың жас 
шамасы әр түрлі болатыны да белгілі. Сондықтан 
«достар»
деген этикеттік 
қаратпаны әркім әр түрлі қабылдауы ықтимал. Бұл жерде «ақ самайлы ана, ақ 
шашты ата «достар» деген қаратпаны қалай қабылдар екен?» деп ойлануға 
тура келеді.
80-жылдары 
жастарға 
арналған 
«Ұшқын» 
тәрізді 
арнайы 
радиохабарларда 
құрметті достар, замандастар, құрбылар
тәрізді этикеттік 
қаратпалар орынды қолданылатын. Сондай-ақ балдырғандарға арналған теле, 


радиохабар бағдарламаларында 
жас достар, менің қымбатты жас 
достарым
тәрізді этикеттік сөздер айрықша интонациямен айтылып, жас 
тыдармандарды баурап тұратын. Мұндай жағымды жайттар қазір де үлгі 
болуға тиіс. Сондықтан
 достар
қаратпасын радио бағдарламаның мазмұнына 
келсін-келмесін тықпалай беру орынды деп есептелмейді.
Радио, -телехабар бағдарламалары көбіне-көп 
көріскенше күн жақсы, 
эфирдегі келесі кездескенше, эфирдегі келесі ұшырасқанща, көгілдір экранда 
амандықпен жүздескенше, эфирдегі амандықпен көріскенше
т.б. тәрізді 
қоштасу ритуалын білдіретін формалармен аяқталып жатады. Алайда 
бірқатар тыңдаушы, көрермен 
көріскенше
деген нұсқаны жылы 
қабылдамайды, өйткені олардың санасында 
көрісу
сөзі өзгеше мазмұндағы
ритуалмен ассоцацияланады. Сондықтан тәжірибелі журналист басқаша 
ассоцация тудыратын тілдік таңбалардан тартынғанды мақұл көреді. 
Байырғы кездегі телехабарларда 
көріскенше
деген сөзді қолдана бермейтіні 
байқалатын. 
Телехабарлар бағдарламасының спорт хабарында қоштасудың 
жеңісті 
күндері жүздескенше
деген нұсқасы тыңдарман үшін жағымды әсер 
қалдыратын этикеттік формула деуге болады. Қоштасу ритуалын 
бай 
болайық 
тәрізді тілекпен аяқтап жүретін журналистің «тапқырлығы» естір 
құлаққа кезінде тосын, ерсі көрінгені белгілі. Өзге әріптестерінің бұл 
«жаңалықты» іліп әкетпей, іркіліп қалғаны мақұлдарлық болды. 
Сөз этикетіндегі орнықтылық, тұрақтылық, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып 
отыратын сабақтастық – өркениетті қоғамға, мәдениеті гүлденген халыққа 
тән қасиет. Қазақ сөз этикеті де осындай қоғамдастықта қалыптасып, 
тұрақталған. Ал оның қалыптасқан тілдік-мәдени дүниесіне жоқ жерден 
эксперимент жасау жаңсақтыққа саяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет