отырғандай, онымен бетпе-бет отырғандай әсер етеді. Монологтің әуезі де
бір сарынды болмай, интонациялық реңк әлгі әсерді күшейте түседі. Сөйтіп,
микрофон алдындағы, экрандағы сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы
коммуникация екіжақты болады. Сөйтіп, сөйлеу тілінің интонациялық
элементтерін сөз бедерлеуге пайдалануды ұтымды стильдік амалдардың бірі
деуге болады.
Сонымен, біз жоғарыда газет бағаналарында кездесетін, телекамера,
микрофон алдында айтылатын сөз бедеріне байланысты ерекшеліктерге
тоқталып, сөз бедерлеу мен нақыштаудың тілдік құралдары мен стильдік
амалдарына тоқталдық. Оларға негізінен мыналар жатады:
• мақал-мәтелдерді орынды және мөлшерін біліп қолдану;
• фразеологизмдерді орынды және мөлшерін біліп қолдану;
• эмоционалды лексиканы орынды және мөлшерін біліп қолдану;
• кітаби тіл элементтерін уәжді қолдану;
• сөйлеу тілі элементтерін уәжді қолдану;
• кітаби және сөйлеу тілі элементтерін стиль тезіне салу.
Достарыңызбен бөлісу: