Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет51/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

қойқара 
делініп босаралықсыз таңбалануға тиіс.
Сонымен, 
қойды қамайтын қора
десек, бұл ақиқат дүние үзігінің 
санадағы прототипі. Формасы жағынан үйірлі сөз түріндегі аталым; 
қойдың 
қорасы, қой қорасы
дегендер ырғақты сөз түріндегі аталым; 
қойқора
десек 
бунақты сөз түріндегі аталым (фонетикалық сөз). 
Қазақ тілінің лекика-фразеологиялық жүйесіндегі бунақты сөз түріндегі 
аталымдардың саны едәуір. Біздің ойымызша, мазмұны жағынан да, формасы 
жағынан да тиянақталған, аудиобосаралықсыз осы тәрізді айтылатын 
аталымдар графикалық жақтан да тиянақ тауып, бірге тұлғалануға тиіс. 
Мысалы: 
атқора, сиырқора, атарба, өгізарба, қолшана, итшана, тасжол, 
теміржол, жүкмәшине
т.б. 
Осындай құрылымдардың негізінде қазақ тілінде сөзжасамдық модель 
қалыптасқан. Алайда сөзжасамдық тәсілдер парадигмасындағы бұл типтің 
әлеуеттік мүмкіндігі сөзқолданымда ескерілмей келеді. Анығырақ айтқанда 
коммуникативтік бірліктерді жасауға қызмет ететін модель номинативтік 
модельдің орнына жұмсалып, дағдылы қызметінен ауытқыған. Мысалы, неге 


газ құбыры
, я болмаса 
әуе жолы; 
неге 
демалыс үйі?
Мұндай құралымдарды 
газқұбыр, әуежол, газпеш, ғарышайлақ, ғарышкеме, демалысүй
түрінде 
тұлғалауға болар еді. Салыстырыңыз: 
теміржол (темір жолы
емес), 
атарба 
(ат арбасы 
емес), 
тасжол (тас жолы
емес), 
тандырпеш (тандыр пеші
емес), т.б. 
Осы аталған мысалдардың ішінен 
ғарыш кемесі
деген құралымды 
жоғарыда айтылған схемамен талдап көрейік. Тілдік ұжымның санасында 
«ғарышқа ұшатын кеме», бір жағынан, ақиқат дүние үзігінің санадағы 
«сәулесі», екінші жағынан, санада сәулеленген бұл объект 
ғарыш, ұш, кеме
деген лексемалар арқылы объективтенген. Алайда санада сәулеленген ақиқат 
дүниенің үзігіне тән белгілердің аса мәнділері орнығып, сөйлеушіге де, 
тыңдаушыға да «бесенеден белгілі» болып келетін ақпараттық мәні төмендегі 
компоненттер беймәнделеді (деактуализацияланады). Ақпараттық мәні төмен 
элементтер санада кейінгі планға ығыстырылады: ғарыш [
қа ұшатын

кеме >
ғарыш
[тың] 
кемесі
. Бұл жерде 
ғарыш кемесі
деген аталым әлі де атау ретінде, 
сөзжасамдық процесс ретінде аяқталған жоқ. Сөзжасамдық процесс аяқталу 
үшін 
ғарышкеме
болуға тиіс. 
Ғарыш кемесі
деген аталымда екі денотаттың 
бір-біріне қатыстылығы (синтаксистік қатынас) көмескіленген жоқ. 
Ал 
ғарышкеме
дегендегі 
ғарыш пен кеме
лексемасы екі басқа 
денотатты нұсқап тұрған жоқ, яғни бірі «ғарышты», екіншісі «кемені» 
меңзеген деуге болмайды. Екі лексема ортақ бір денотатты «нұсқап» тұр. 
Мысалы, 
кеше Байқоңырдан ғарышкеме ұшырылды 
деген айтылымда актуал 
денотат (референт) біреу ғана. Ол – ғарышкеме «Протон-2».
Міне, екі лексеманың бас-басына денотаты болмай, бір ғана объектіні 
нұсқауы күрделі таңбаның мазмұнмежедегі бір ұғымды білдіруі болып 
табылады. 
Алайда мазмұнмежедегі өзгеріс форманың де өзгеруінің, өзінің 
меншікті формасының болуын қалайды. Егер осы қажетсіну материалдық 
жақтан қолдау тапса, күрделі таңба біріккен сөзге айналады. Мысалы, 
ғарыш 
кемесі
дегенде әр лексеманың басыбайлы екпіні болса, 
ғарышкем[é]
дегенде 
сөз екпіні біреу ғана, яғни екі сөздің арасында «саңлау» (аудиобосаралық) 
қалмайды. Олай болса, мазмұнмежедегі өзгеріс, тұрпатмеже тұрғысынан 
қолдау тапты деуге болады. Сөйтіп, күрделі таңба мазмұн жағынан да, форма 
жағынан да ықшамдалып, біріккен сөзге айналады. Ал мұндай күрделі 
құрылымдарды графикалық тұрғыдан да «саңлаусыз» (босаралықсыз) 
таңбалау сөздердің біріккендігі туралы ақпарат береді.
Жоғарыда біз белгілі бір күрделі таңбаны біріккен сөз деп тану үшін 
олардың мазмұнына формасы сәйкес болуы шарт екенін, мазмұндағы өзгеріс 
формадағы өзгерістің болуын қалайтынына тоқталдық. Ал мазмұндағы 
өзгеріс форма жағынан қолдау таппаса, ондай құбылыс біріккен сөз деп 
танылмайды. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет