2.7 Шылаулардың жазылуы
Ереже бойынша (1957 ж.) шылау сөздердің жазылуы үш топқа
бөлінеді: а) шылаулар негізінде бөлек жазылады. Мысалы:
сабақтан кейін,
жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?
ә)
ау,
ай, мыс, міс, ды, ді, дағы, сынды
шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден
дефис (-) арқылы жазылады; б)
ма, ме, (ба, бе, па, пе)
сұраулық шылау түбір
мен қосымша арасында қолданылғанда,
-мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі
болып
өзгерген қалпында жазылады. Мысалы:
келемісің, айтыппысың?
Шылау сөздердің жазылуы туралы бұл ереже Анықтағышта (1974 ж.)
толықтырыла түсті. Мысалы, Ережеде (1957 ж.) түбір мен қосымшаның
аралығында келетін бір ғана
ма, ме (ба, бе, па, пе)
шылауының қалай
жазылатындығы берілсе, Анықтағышта (1974 ж.) бұл пункт толықтырылып,
-
да, де, -ақ
шылауларының түбір мен қосымшаның аралығында келетін бір
ғана
ма, ме (ба, бе, па, пе)
шылауының түбір мен қосымшаның аралығындағы
жазылуы былайша көрсетілген:
осы үйдің ұлыдамын, қызыдамын; әңгіме
айтуға жоқпын
(45-б.). Сондай-ақ
сынды (Баян сынды, Төлеген сынды)
шылауы осы Ереже бойынша дефис арқылы жазылады делінсе, ал
Анықтағышта (1974 ж.) бұл шылау негізгі сөзден бөлек жазылады деп
көрсетілген. Күнделікті жазу тәжірибесінде де
сынды
шылауының негізгі
сөзден бөлек тұлғаланып жүргендігін кездестіруге болады. Тегінде,
сынды
шылауын негізгі сөзден бөлек жазудың тиімді жағы бар. Өйткені бұл шылау
тәрізді, секілді, іспетті
т.б. көмекші сөздермен негізгі сөзден бөлек
жазылатын ұқсату мәніндегі шылаулармен мағыналық бір топ құрайды.
Жалпы қағида бойынша
ақ, ай, ау
демеуліктері негізгі сөзден бөлек,
дефис арқылы жазылады:
айтасың-ақ, барады-ау, дүние-ай, қызық-ай
т.б. Ал
осы демеуліктердің одағайға жалғанғандағы жазылуы әркелкі. Мысалы,
Орфографиялық сөздікте (1978 ж.)
япыр-ай, япыр-ау, япырым-ау, ойпыр-ау,
апырым-ау
, ал Анықтағышта (1974 ж.) бұл тәрізді демеуліктер
япырай,
ойпырау
т.б. түрінде жазылады деп көрсетілген. Тегінде,
ай, ау
демеулігінің
кейбір сөздермен бірге жазылуының себебі бар. Оны одағайдың жеке сөз
ретінде дербестігін жоғалтып, демеулікпен ұласып кетуіне байланысты деп
түсінуге болады. Осылардың қатарына
әттегенай
одағайын да қосуға
болады. Шындығында, мұндағы демеуліктер негізгі сөзбен кірігіп кеткен.
Япырмай, әттегенай
дегендерді ешкім
иә-пірім, әйт-деген-ай
деп бөле-жара
қарамайды. Біріктіріле тұлғалануы еш дау туғызбайтын
алақай, айхай, ойбай
тәрізді одағайлардың жазылуының бұл сөздерден айырмасы жоқ, бәрі де
типологиялық бір типке жатады.
Ау, ай
демеуліктерінің кейбір одағайлармен
кірігіп кеткендігі сонша, сол демеулік шылаудың үстіне тағы бір демеулік
үстемелене жұмсалады (мұндай жағдайда соңғы демеулік дефис арқылы
жазылады)
алақай-ай, ойбай-ау
т.б.
Сонымен,
дербестігі
жоқ,
тек
демеуліктермен
жұмсалатын
одағайлардың жазылуы бір басқа да (
япырай, япырымау, әттегенай
),
демеуліксіз де қолданыла беретін одағайлардың, (мысалы,
о бәтір, ой
бәрекелді
тәрізділердің) жазылуы бір басқа болуға тиіс. Соңғы топтағы
одағайлармен қолданылатын демеуліктер дефис арқылы жазылады:
бәтір-ау,
бәрекелді-ай, тәңір-ай, шіркін-ай, әттең-ай.
Достарыңызбен бөлісу: |