Графика. Орфография. Орфоэпия


Шет тілдерден енген сөздердің орфографиясы



Pdf көрінісі
бет55/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

2.8
Шет тілдерден енген сөздердің орфографиясы 
 
Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы. 
Қазіргі қазақ 
орфографиясы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік міндеттерге толық жауап беріп 
отырған, кемел дәрежедегі орфографиялардың бірі. Қазақ орфографиясы 
бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулардан өтті; қайта қарап, 
толықтырудың әрбір сатысынан өткен сайын қазақ емлесінің жалпы және 
жекелеген мәселелері жетіле түсті. Қазақ жазуы мен орфографиясының 
қазіргі жай-күйі оның негізгі принциптерінің ғылыми, нақты принциптер 
екендігін дәлелдеп отыр. Дегенмен, тіл ұдайы қозғалыстағы, үздіксіз даму, 
өзгеру процесіндегі құбылыс екендігін ескерсек, онда оның қалыптасқан, 
тұрақталған емлелік қағидаларының өзінде де тыңнан қарап, жаңаша 
тиянақтауды қажет ететін проблемалардың туып отыратындығы – заңды 
жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі қазақ орфографиясында өзге де 
бірлі-жарым мәселелермен қатар, емлелік ережелері мен жекелеген 
ерекшеліктерін айқындай түсуді қажет ететін тұстардың бірі – қазақ тілінің 
сөздік құрамына енген шет тілі сөздерінің жазылуы.
«Орфографиялық ережелерде, – деп көрсетеді К. М. Мұсаев, – шет 
тілден, әсіресе орыс тілінен енген сөздердің жазылу принциптері айқын 
берілуі керек. Өйткені бұнда жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің 
арасындағы сан түрлі айырмашылықтар көрінеді» [53, 17б.] Шет тілден сөз 
ауысу процесі – белгілі бір тілдің сөздік құрамы баюының басты 
жолдарының бірі. Бұл процесс – өз бетінше емес, халықтар арасындағы 


қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстардың нәтижесінде туып, 
сол арқылы дамитын, қабылдаушы тілдің сөздік құрамын байыта отырып, 
оның ішкі мүмкіншіліктерінің көзін ашатын, жекелеген лексикалық 
единицалардың семантикалық мағынасының кеңеюіне, грамматикалық 
тұлғалардың активтенуіне де әсер ете алатын күрделі құбылыс.
Қазіргі қазақ тілінің түрлі стильдік тармақтарына таралған орыс тілі 
элементтері екі ыңғайда болып келеді. Оның бірі – қазақ әдеби тілінің 
жазбаша және ауызша формаларында қолданылып, сөздік құрамның бір 
бөлшегі болып қалыптасқан лексикалық единицалар да, екіншісі – негізінен 
көркем әдеби шығармаларда әр алуан стильдік мақсаттарда (мысалы, 
туындының тақырыбы мен сюжетіне немесе кейіпкер образына байланысты) 
жұмсалынатын, сөздік құрамнан тысқары тұратын, стильдік қызметтегі 
сөздер (вкрапления). Соңғы топтағы сөздердің орфограммасында еркіндік 
болады, яғни көркем әдебиетте нақты стильдік-көркемдік мүддемен 
пайдаланылған орыс тілі сөздерінің графикалық-фонетикалық тұрғыдан 
берілуі арнайы емлелік қағидаларды талап етпейді. 
Ал бір тілден екінші тілге ауысып, сол тілдің әдеби сөздік құрамына 
толық енген сөздердің (заимствования) лингвистикалық статусы төмендегі 
критерийлер бойынша анықталады: 
«а) қабылдаушы тілде шет тілі сөздерінің графикалық-фонетикалық 
тұрғыдан берілуі тұрақты сипатта болуы керек; ә) қабылдаушы тілдің белгілі 
бір грамматикалық топтары мен категорияларына сәйкес келуі қажет; б) 
семантикалық тәуелсіздігі, яғни қабылдаушы тілде дублет, синоним 
сыңарлары болмауы қажет; в) әдеби тілге енетін сөз үшін – әр түрлі тілдік 
өрістерде, термин үшін – нақты бір терминологиялық аяда ұдайы 
қолданылуы керек»[54, 18б.]. 
Осындай сипаттар тұрғысынан қарағанда, қазіргі түркі тілдері үшін 
(оның ішінде қазақ тілі үшін де) шет тілден сөз қабылдау процесіндегі негізгі 
көз – орыс тілі болып отыр. Ғалымдардың көрсетуінше, көптеген түркі 
халықтары тілінің сөздік құрамы, әсіресе терминология саласы орыс тілінен 
нәр алып келеді; қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, қазақ тәрізді тектес тілдердің 
лексикасындағы орыс тілінен қабылданған ғылыми-техникалық, қоғамдық-
саяси, оқу-педагогикалық және т.б. салаларға қатысты терминдердің көлемі – 
70-80 проценттей [55, 35б.]. 
Ал бұндай мол көлемді, кең өрісті орыс тілі сөздері қабылдаушы тілде 
өз алдына оқшау топ болып тұрмай, оның фонетикалық, морфологиялық-
синтаксистік ерекшеліктеріне бағынады, сөз тудыру, сөз түрлендіру 
процестеріне қатысады, қабылдаушы тілдің бірқатар ішкі заңдылықтарына 
байланысты графикасы мен дыбысталуы жағынан да өзгерістерге ұшырап 
отырады. Сол себепті де ұлт тілдерінің емлелік ережелерінде орыс тілінен 
енген сөздердің жазылуы, олардың қосымшалармен түрленуі арнайы 
көрсетіледі. 
Орыс тілінен сөз ену процесі түркі халықтарының тарихына, қоғамдық-
әлеуметтік даму кезеңдеріне байланысты болғандықтан, бұл мәселе 
түркологияда әдеби тіл проблемаларына, тіл тарихына қатысты зерттеулерде 


көбірек қарастырылады. Орыс тілінің түркі тілдері дамуына ықпалы, сөздік 
байлығына, морфологиялық-синтаксистік, фонетикалық жүйесі мен стильдік 
тармақтарына әсері жеке тағы басқа мәселелер зерттелген еңбектерде [56], 
сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздердің емлесі туралы да айтылады; 
зерттеушілер мұнда ену кезеңдеріне тән тілдік және тілден тыс факторларды 
басшылыққа алады. Осыған сәйкес түркі тілдері орфографиясында орыс 
тілінен енген сөздердің жазылуы бірнеше принциптерге негізделеді; яғни 
түркі тілдерінің көпшілігінде орыс тілінен енген сөздер екі түрлі жазылады; 
бір тобы – өткен кезеңдерде ауызекі тіл арқылы еніп, қабылдаушы тілдің 
айтылу заңдылықтарымен өзгеріп кеткендіктен, сол өзгерген күйінде, 
дәстүрлі түрде, айтылуы бойынша, екінші тобы – орыс тіліндегі 
орфографиясы негізінде жазылады. Соңғы топқа түркі тілдеріне совет 
дәуірінде мол енген, жазба тіл арқылы қалыптасқан терминдік сөздер 
жатады. 
Түркі тектес тілдердің сөздік құрамындағы орыс тілінен енген 
сөздердің емлесі жайында арнайы ұсынылған еңбек толық мәлімет бере 
алады
5
. Бұл мәселеге жете көңіл бөлу қажет екендігін Е.И. Убрятова да 
көрсеткен болатын [57, 92б.].
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы орыс тілі 
сөздерінің жазылуы – бірқатар нормаланған, қалыпты сипат алған 
мәселелердің бірі. Олар, негізінен, орыс орфографиясына сәйкес өзгеріссіз 
жазылады. Бірсыпыра сөздер айтылу дағдысымен өзгерген түрде жазылады. 
Орыс тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі қазақ емлесі 
сүйенетін фонетикалық-морфологиялық принциптерге негізделеді. 
Қазақ әдеби тіліне енген орыс тілі сөздерінің емлесін қалыптастыру 
жұмысы 20-30 жылдардан басталады. Профессор Қ. Жұбанов орыс тілінен 
қабылданған терминдерді, өзге де құрал-жабдық, аспап, зат, ұғым, құбылыс 
атауларын орыс орфографиясы бойынша жазу керектігі туралы ұсыныс 
білдірген болатын [58, 244б.].
Орыс тілінен енген сөздердің жазылуы дұрыс көрсетілген емлелік 
ережелердің алғашқысы – қазақ алфавитінің орыс графикасына көшуі 
негізінде, жаңа алфавитке сәйкес жасалып, қабылданған қазақ орфографиясы 
ережелерінің жинағы [59]. Осы қағидаларға сәйкес 1941 жылы жарық көрген 
«Қазақ тілінің емле сөздігінде» түбір сөздер орыс орфографиясы бойынша 
жазылып, оларға қосымша жалғанғандағы бірқатар ерекшеліктер (мысалы, 
қосарлы 
сс, тт
дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, бір 
дауыссыздың түсіп қалуы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет