нг,
нк
тәрізді дыбыстар тіркесіне біткен сөздерді
ы, і
дәнекер дыбыстарынсыз
түрлендіру (яғни
танкіге емес, танкке, митингіге емес, митингке
) және
басқа да өзгерістер енгізу туралы сөз болады [66]. Бұл пікірлердің өзі, сөз
жоқ, жазу практикасында кездесетін қиындықтарға, сонымен қатар Негізгі
ережелерде жеке көрсетілмеген кейбір ерекшеліктерге байланысты туған.
Демек, өзге тілден енген сөздердің жазылу табиғатының сөз болуы бұл
мәселенің әлі де болса айқынырақ белгілеп, жеке-жеке айырмашылықтарды
ескере отырып, толықтыра, нормаландыра түсетін тұстары бар екендігін
көрсетеді. Мысалы, Негізгі ережелердің 35-параграфында жіңішкелік
белгісіне аяқталған
ноль, роль, руль
типтес бір буынды сөздерге жіңішке
буынды қосымша жалғанады делінген:
ноль-ге, роль-ге, руль-ге.
Ал соңғы
буыны нақ осындай
гастроль, король, пароль
сөздеріне неліктен жуан
буынды қосымша жалғануы тиіс? Емле сөздіктерінде
гастроль-ға, гастролы,
король-ға, королы, пароль-ға, паролы
болып көрсетілгенімен, қазіргі жазба
тіл үлгілерінде көбінесе жіңішке буынды қосымшалардың жалғанып
жазылуы байқалады (
король-ге, королі; гастроль-ге, гастролі; пароль-ге,
паролі
). Немесе
акр,
альт, вальс, вкаль, князь, нерв, пост, ткань, ферзь
тәрізді бір буынды сөздерге қазақ тілінің қандай қосымшалары жалғанады?
Бұл тұста да емле сөздіктері мен жазу практикасында алшақтықтар жоқ емес:
сөздіктерде
вальсқа, вальсы, тканьдар, вуальға, вуалы
болып, ал тіл
қолданысында
вальске, вальсі, тканьдер, вуальге, вуалі, князьге, князі
болып
екі ыңғайда таңбаланып жүр.
Сонымен бірге, нормативті сөздіктерде бір типтес сөздердің қазақ тілі
қосымшаларымен түрленуінде де варианттылықтар ұшырасады. Мысалы,
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» («Ғылым» баспасы, 1978)
төмендегідей жайттар кездеседі:
1.
Достарыңызбен бөлісу: |