Графика. Орфография. Орфоэпия


к, г дыбыстарына бітетін орыс тілінен  ауысқан сөздерге қосымшалардың жалғануы және толықтырылған тұс –  рк



Pdf көрінісі
бет57/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

к, г
дыбыстарына бітетін орыс тілінен 
ауысқан сөздерге қосымшалардың жалғануы және толықтырылған тұс – 
рк, 
нк, рг, нг, кс, кт, лк, нкт, брь, бль 
сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталатын 
сөздерге қосымшалар жалғанғандағы ерекшеліктер. Өйткені нақ осы 
мәселелердің өзі жазуда біршама қиындықтар тудырып келді, әрі бұған 
дейінгі еңбектерде, оқулық құралдарда әр қилы ұсынылып келді: бірқатар 
пікірлерде 
педагог, ток, блок, Красноводск
тәрізді сөздердің соңындағы 
к, г
дыбыстарының фонетикалық табиғатына сәйкес қосымшалардың жіңішке 
варианттарын жалғау (
ток – тогінің, блок – блогінің, педагог – педагогтік, 
Красноводск – Красноводскіден
) ұсынылса, келесі бір тұжырымдарда соңғы 
буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты 
тогының, педагогқа, блокқа, 
Красноводскыдан
болып жуан буынды қосымшалармен түрленуі керек деп 
айтылғаны мәлім [63, 16б.].
Сөйтіп, 1983 жылы қабылданған негізгі ережелердің жаңа нұсқасында 
орыс тілі сөздерінің жазылу ерекшеліктері толық қамтылып, айқын 
көрсетілген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары баспасөз беттерінде орыс тілінен 
ауысқан сөздердің жазылуы туралы жиі-жиі сөз қозғалып, әр түрлі ой-


пікірлер айтылып жүр. Осындай мақалалардың бірінде, мәселен, қазақ тіліне 
жазба тіл арқылы енген 
станция, спирт, кабинет 
тәрізді сөздерді тілдің 
заңдылықтарына бағындырып, айтылуы бойынша жазу (яғни 
станса, спірт, 
кабинет
) керектігі айтылса [64], келесі бір пікірлерде, керісінше, түпнұсқа 
тілдегі түрін мейлінше сақтап жазу, тіпті 
металл, грамм, класс
т.б. сияқты 
қосарлы дауыссыздармен аяқталатын сөздерге қосымшаны дауыссыз 
дыбыстардың бірін түсірмей (яғни 
класты, металға, граммен
деп өзгертпей) 
түбірін толық сақтау (яғни, 
классты, металлға, граммен
[65], сондай-ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет