Графика. Орфография. Орфоэпия


Соңы -а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуы мен айтылуы



Pdf көрінісі
бет65/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Соңы -а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуы мен айтылуы 
 
Жазылуы 
Айтылуы 
анкета 
анкеталық 
аптека
арена 
аренда 
арматура 
арматурашы 
база (ауыл шар. термині) 
банды 
банка 
газет (газета емес) 
гитара 
гитарашы 
грамота 
диета; бірақ: диетасхана 
контор 
контрабанда 
координата 
котлет 
лампа 
майка 
мандола 
мандолина 
манжет 
марка 
минут 
анкета//анкет 
анкеталық//анкеттік 
аптека//аптек//әптек 
арена 
аренда 
арматура//арматур 
арматурашы//арматуршы 
баз 
банды 
банкі 
газет 
гитара//гитар 
гитарашы//гитаршы 
грамота 
диета//диет 
контор 
контрабанды 
координат 
котлет 
лампы
майкі 
мандол 
мандолина 
манжет 
маркі 
минут 


мода 
награда, бірақ: наградтау 
плацкарт 
планета 
секунд 
сигара 
сигарета 
терраса 
фаза 
фанера, бірақ: фанерлеу 
фара 
форма 
цитата 
цифр 
мода 
наград, наградтау 
плацкарт 
планета 
секунд 
сигар 
сигарет 
террас 
фаза 
фанер, фанерлеу 
фар 
форма 
цитат 
цифр 
Орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жалғану ерекшеліктері.
Қазақ орфографиясының негізгі принциптері бойынша қосымшалар сөзге 
буын үндестігі заңдылығымен жалғанатыны мәлім. Қазақ тілінің төл 
сөздерінде бұл заңдылық мейлінше сақталады (мысалы, 
оқушылар, оқушы-
лар-ға, мұғалім-ге, мұғалім-нің, кітап-қа, кітап-тың 
т.б.); араб-парсы тілінен 
енген сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі де осы заңдылыққа 
бағынады, бірлі-жарым өзгешеліктер араб-парсылық сөз-жұрнақтардың 
жазылуында ғана кездеседі (
әсем-паз, өнер-паз, әуес-қой
т.б.). 
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» көрсетілген орыс 
тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі туралы қағидаларды 
былайша топтауға болады: 
1.
Орыс тілінен енген түбір сөздерге қосымшалар қазақ тілінің төл 
сөздерімен бірдей дәрежеде жалғанады, яғни соңғы буынындағы 
дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша, я жуан, я 
жіңішке болып жазылады: 
пионер-лер, институт-тар, самолет-тер, пленум-
да, Кремль-де, секретарь-ға, секретар-ы, бюллетеньдер
т.б. 
2.
б, в, г, д
әріптеріне біткен орыс тілінен енген сөздер айтылуда қатаң 
п, ф, к, т
дыбыстарына айналатындықтан, бұндай сөздердің қосымшалармен 
түрленуі «сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын 
қосымшаның басқы дыбысы да қатаң... болып жалғанады» деген қағидаға 
негізделеді: 
клуб-қа, парад-тан, архив-тен, коллектив-тен, археолог-тер.
3.
Қосарлы дауыссыздарға аяқталған сөздерге қосымша жалғаудың 
мынадай ерекшеліктері бар: 
а) қосарлы 
рк, нк, кс, кт
дыбыстар тіркесіне қосымшалар жіңішке 
жалғанады: 
парк-ке, банк-і-ге, бокс-ке, пункт-ке. 
ә) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет