Осы айтылғандарға байланысты
фестиваль, мораль, магистраль,
медаль, педаль, госпиталь
тәрізді
сөз соңында -
аль
дыбыстар тізбегі бар
сөздерге қосымша жалғанудағы ерекшеліктер де назар аудартады. Нақты
қағидаларға сүйенетін болсақ, бұл сөздерге соңғы буындағы
а
дыбысына
үндесетін жуан буынды морфемалар жалғануы тиіс.
Тіл қолданысында бұл
ретте де бірнеше варианттар кездеседі. Бұнда екі түрлі заңдылық анық
байқалады:
фестивальға, моральға, госпитальға, магистральға
болып барыс
септігі формаларының үндесе, үйлесе жалғануы соңғы буындағы
а
дыбысының тікелей әсерінен болса, тәуелдік жалғауларымен түрленгенінде
фестивалы
емес,
фестивалі
болып,
медалы
емес,
медалі
болып,
магистралы
емес,
магистралі
болып өзгеріп кетуі (жіңішке қосымшаның жалғануы)
соңғы
-ль
дыбысының жіңішке айтылуымен байланысты.
Бұндай бірқатар
ерекшеліктер қабылдаушы қазақ тілінің өз табиғатында да бар;
куә, куәға,
куәдан
, бірақ:
куәлік
;
Күләш-тің,
бірақ:
Күләш-қа
тәрізді құбылыстар қазіргі
қазақ әдеби тілі үшін орфографиялық норма болып саналады. Сондықтан да
қазақ тілінің айтылу нормаларына сәйкес қалыптасқан жазу үлгілерін норма
ретінде тұрақтандыруға болады: яғни
фестиваль, фестиваль-ға,
бірақ:
фестивал-і, фестивалінде; мораль, мораль-ға, мораль-дық,
бірақ:
морал-і;
медаль, медаль-ға,
бірақ:
медалі.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің»
өзгертулер мен
толықтырулар енгізіліп қабылданған жаңа редакциясында өзгертіліп берілген
қағидалардың бірі – соңғы буындары
Достарыңызбен бөлісу: