тілде ортаңғы буында екпін түсетін
газета, минута, секунда
сөздерінің
соңындағы екпінсіз
-а
дыбысының бәсең айтылып, естілуіне, айтыла келе
түсіп қалуына себепші болады.
Лампа, штанга, майка, марка, мода
тәрізді
сөздер соңындағы дауыстының қысаң
ы, і
дыбыстарымен алмастырылуы да
бұл сөздердің орыс тіліндегі айтылу екпініне байланысты. Түпнұсқа
тілде
алғашқы буындарға түсетін екпін қазақ тіліне қабылданып естілуінде соңғы
дыбыстың көмескіленуіне әсер етеді. Алайда қазақ тілі үшін сөз соңының
бірнеше дауыссыз дыбыстар тізбегіне аяқталуы тән емес болғандықтан, бұл
сөздерді айтқанда,
ы, і
дыбыстары қосарланып естіледі де, айтылудағы осы
заңдылық аталған сөздердің жазылуында да байқалады.
Сөйтіп, орыс тілінен енген бір топ сөздердің айтылуы бойынша
жазылуы олардың, негізінен
ауызекі тіл арқылы еніп, дәстүрлі сипат
алғандығына байланысты. Өткен ғасырларда енген, сөйлеу тілінің
ықпалымен дыбысталуы да, жазылуы да қалыптасқан бұндай сөздердің
емлесі
Негізгі ережелерде, басқа да арнаулы құралдар мен сөздіктерде
көрсетілген. Дегенмен, қазіргі жазу практикасында жергілікті тіл
ерекшеліктерінің әсерінен жасалатын фонетикалық варианттар мен орыс
орфографиясына сәйкес жазылған тұлғасын қатар қолдану (мысалы,
самаурын – самауыр – самовар; кереует – керует – кровать
) фактілер
кездеседі. Жазу нормаларына кедергі келтіретін мұндай ауытқушылықтарды
болдырмас үшін қазақ тілі емле сөздіктеріндегі жазылу үлгілері жазу
практикасында басшылыққа алынуы қажет.
Ал соңғы
-а
дыбысы түсіріліп жазылатын
минут, секунд, цифр, газет,
пар
сияқты сөздердің ықшамдалып жазылуы – қазақ әдеби тілі үшін, жатық,
дағдылы норма. Бұл сөздердің
бірнеше тұлғаларда жазылуы, яғни орыс
орфографиясы бойынша
газета, минута, секунда, цифра, пара
болып
жазылған қатарларының жазба тіл тіл үлгілерінде мүлде кездеспеуі осыны
айқындай түседі. Осындай бірқатар сөздердің әсерінен алғашқы емле
құралдарында қысқартылып немесе жартылай өзгертіліп (
ы, і
дыбыстарының
көмегі арқылы) жазылған сөздердің саны біршама мол болғанымен (
аптек,
арматур, диет, гитар, лигатур, мандолин, наград, цитат, моды, лампы
т.б.),
кейінгі сөздіктерде олардың орыс орфографиясына толық сәйкестендірілген
түрлері ұсынылады (
аптека, арматура, диета, гитара, лигатура,
мандолина, награда, цитата, мода, лампа
); бұл жайт жазу практикасында да
қалыптаса бастады. Әсіресе ғылыми және публицистикалық стильдерде бұл
типтес сөздер бірыңғай, түпнұсқа тілдегі графикалық-фонетикалық
тұлғасынан өзгеріссіз жазылып келеді. Ал бұл стильдер – қазіргі қазақ әдеби
тілінің дамуында жетекші рольге ие болып отырған және көп жағдайда
лексикалық-грамматикалық,
орфографиялық
құбылыстарды
реттеп,
нормаландыратын доминант салалар;
сондықтан да кодификациялау
жұмыстарында бұл тармақтар маңызды қызмет атқарады.
Сөйтіп, жазу практикасында бірізділікті қалыптастыру, әрі қазақ
орфографиясын жетік те жеңіл ету мақсатында бір табиғаттас
цитата,
кантата, арена, вокабула, тирада, кассета, координата, терраса
және
лампа, марка, мода, анкета, аптека, диета
т.б.
термин сөздерді өзгеріссіз,
түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазуды қалыптастыруға болады. Бұл ретте
жазу нормасын бірыңғайландырудың орфоэпиялық нормаларға нұқсан
келтірмейтінін де атау қажет. Ресми сөйлеу актісінде немесе күнделікті
тұрмыстық ауызекі сөйлеу тілінде бұл сөздер бірнеше варинаттарда немесе
ықшамдалып та айтыла береді (мысалы,
аптек/ /әптек/ /аптека; диет/
/диета; координат, кассет, террас, цитат
); бұл жайт – ауызша тіл үшін
норма. Ал сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы араларында
елеулі айырмашылықтар бар екендігі, олардың әрдайым бірімен-бірі дәл келе
бермейтіндігі белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: