Графика. Орфография. Орфоэпия


а  дыбысының қазақ тілі үшін универсалды позицияда  болатын сипаты үлкен роль атқарады.  Нк, нг, кс, кл, нкт, кль, брь, бль, кт



Pdf көрінісі
бет72/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

а 
дыбысының қазақ тілі үшін универсалды позицияда 
болатын сипаты үлкен роль атқарады. 
Нк, нг, кс, кл, нкт, кль, брь, бль, кт
сияқты дауыссыз дыбыстардың 
тізбегіне аяқталатын сөздерге жіңішке қосымшалардың жалғану себебі 
осындай дауыссыздар легіне біткен орыс тілі сөздерінің қазақша айтылуында 
(естілуінде) 
і
дауысты дыбысының қосылып естілуіне (айтылуына) 
байланысты. Яғни олар 
нгі
 – митингі, 
нкі
 – банкі, 
кіс
 – бокіс, 
нкіт
 – пункіт, 
кіл 
– бинокіл, 
бір 
– октябір, 
біл
 – ансамбіл, 
кті
 – факті
болып айтылады да, 
негізгі тұлғаларға жіңішке буынды қосымшалар жалғанады: 
митинг-і-ге, 
банк-і-ге, бокс-ші, пункт-ке, бинокль-ге, октябрь-ге, ансамбль-ге, факт-і-ге.
і 
дауысты дыбысының дәнекерлік қызметі осындай сөздердің бір тобына 
қосымша жалғанғанда, емледе де сақталады
: митингіден, киоскіден, банкіге, 
фактілер
т.б. 
Орыс тілінен енген 
-нд
дыбыстарына бітетін сөздерге де қазақ тілі 
қосымшалары екі ыңғайда жалғанады: бір тобы 
ы
дәнекері арқылы: 
фонд, 
фонды-ға, фонд-ы-сы, раунд, раунд-ы-ға, раунд-ы-сы
; ал 
голланд, исланд, 
таиланд, секунд 
сөздеріне қосымша тікелей жалғанады: 
голланд-қа, 
голланды; секунд-қа, секунд-ы. 
Соңғы
 
қатарға жататын сөздер саны көп емес, 
олардың дәнекер дыбыстарсыз қосымшалармен түрленуі сөздіктерде, оқу 
құралдарында, ғылыми әдебиеттерде тұрақталып орнықты.


3. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды түбір сөздердің вариант 
қосымшаларды 
қабылдауы 
күрделі 
терминдердің 
құрамындағы 
анықтауыштардың жазылуында да байқалады. Қазіргі жазу практикасында 
орыс тіліндегі 
документальный, экспериментальный,
профессиональный, 
дифференциальный 
сын есімдері
 
қазақ тіліне аударылғанында, бірнеше 
орфограммада беріліп жүр: 
документті – документалды – документальді; 
экспериментті – эксперименталды – экспериментальді; профессионалды – 
профессионал т.б.
Орыс тіліндегі -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет