6. Қазіргі жазу практикасында кездесетін варианттардың бір тобы қазіргі
жазба тілде емлесі толық айқындалған араб-парсы сөзін қате жазудан да
пайда
болады
: хикая – һікая, еш – һеш, лай – ылай, лаж – ылаж, лайық –
ылайық
т.б. Бұл қатарлардың соңғылары емлелік ағаттықтар болып
табылады.
Араб-парсылық сөздердің жазылуында кездесетін ауытқушылықтардың
бірі кісі аттарының емлесіне байланысты. Осыған орай «Қазақ тіл
орфграфиялық ережелерінің» өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жаңа
нұсқасында арнайы қағида берілді; онда «қазақтың төл сөздері мен араб-
парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары қатарынан екі
дауыссыз дыбыстан басталмайды, олардың алдынан не ортасынан
ы, і
әріптерінің бірі жазылады» деп көрсетілген. Осы ережеде қазіргі жазу
тәжірибесінде
Смайыл, Сқақ, Рза, Слен, Смадияр
тәрізді
қате жазылып
жүрген есімдердің
Ысмайыл
немесе
Сымайыл, Сылан, Ысқақ, Ырза,
Ысмадияр
немесе
Сымадияр
түрінде дұрыс жазылуы берілген. Бұл арадағы
заңдылық – қазақ тілі төл сөздерінің өзі екі дауыссыз дыбыстан басталмайды,
сондықтан да ауызекі тіл арқылы енген араб-парсылық сөздер эпентеза,
протеза құбылыстарына міндетті түрде ұшырайды. Және бір жағдай –
Смат,
Сқақ, Смайыл, Смағұл
түрінде жазылып жүрген кісі аттары араб-парсы
тілдерінің өзінде
с
дыбысынан басталмайды. Ал жергілікті аймақтардың
тілдік ерекшеліктеріне орай бұндай кісі аттарының әр түрлі айтылып және
Сымайыл – Ысмайыл, Сымағұл – Ысмағұл, Сымадияр –
Ысмадияр
болып екі
түрлі жазылуы емлелік қате болып есептелмейді.
Қазіргі қазақ әдеби тілі сөздік құрамындағы орыс тілінен және араб-
парсы тілінен ауысқан сөздер – көлемді қабаттардың бірі. Бұл қабаттар төл
тілдің сөздік қорын байытуға, стильдік мүмкіншіліктердің
көзін ашуға,
синонимдік қатарлардың қызметін кеңейтуге елеулі үлес қосты. Әсіресе
совет дәуірінде енген орыс тілі сөздері қазақ әдеби тілінің терминологиялық
жүйесін қалыптастырып, дамытуға, стильдік тармақтарының саралануына
үлкен әсер етіп отыр.
Бүгінгі қазақ жазу практикасы пайдаланып отырған орыс тілі сөздерінің
емлесіне қатысты ережелер – белгілі бір ғылыми негіздерге, тіл дамуының
көп жылдық тәжірибесіне, қазақ тілінің ішкі фонетикалық-грамматикалық
заңдылықтарына, сондай-ақ әдеби тілдің қоғамдық-әлеуметтік функциясына,
оның ауызша және жазбаша формаларының рөліне,
екітілділік құбылысына
сүйеніліп жасалған қағидалар. Орыс тілі сөздерін түпнұсқа тілдегі
орфографиясы бойынша жазу – бір ғана қазақ тілі емес, түркі тілдерінің
барлығына да ортақ сипат. Бұл ережеге бағынатын сөздер – қазақ әдеби
тіліне жазба тілдің көмегі арқылы енген, қоғамдық-саяси және ғылыми-
техникалық мазмұндағы термин сөздер мен терминдік сөз тіркестері. Бұл
қабатты орыс орфографиясына сәйкес жазу ұлттық терминологияның жасалу
жолдары мен әдістерін қалыптастыруға, орфографиялық нормаларды бір
қалыпқа түсіруге жәрдемдеседі. Сонымен қатар,
СССР халықтарының
көпшілігіне ортақ интернационалдық сипаттағы терминдерді бірыңғай жазу
мәселесіне де айрықша мән беріліп келеді. Бұл мектептерде, оқу
орындарында орыс тілін оқып үйрену, меңгеру және екітілділікті дамыту
саясаты қоғамдық-саяси маңызды мақсаттарға да байланысты.
Ауызша айтылуы бойынша жазылатын орыс тілінен енген сөздердің
емлесі де – айқындалған тұстардың бірі. Бірнеше вариантта жұмсалатын
сөздердің әдеби үлгісі арнайы сөздіктерде ұсынылған. Сөздіктер, бұл ретте,
үлкен көмек көрсете алатын құралдардың бірі. Сөйтіп, орыс тіліндегі
орфографиясы сақталып жазылуға тиісті сөздер тобын қазақ тілінде айтылуы
бойынша жазу қандай қате болса,
ауызекі тіл арқылы еніп, дағды-дәстүр
принципімен жазылуға тиісті лексикалық единицалардың, атаулардың
түпнұсқа тілдегі фонетикалық-графикалық тұлғасын сақтап жазу да емле
нормаларына кедергі келтіретін қате болып есептеледі. Белгілі бір стильдік
қызмет үшін көркем әдебиет тілінде орыс тілі сөздері (терминдер, терминдік
мәндегі атаулар) өзгертіліп, айтылуы бойынша жазылуы мүмкін, бірақ әдеби
тілдің ресми іс қағаздары, ғылыми және қоғамдық-публицистикалық
стильдерінде түпнұсқа тілдегі тұлғасын өзгертпей жазу қатаң сақталуға тиіс.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің ішінде емлесі тұрақтала
қоймаған тұстардың бірі – вариант сөздердің жазылуы. Түп төркіні араб-
парсылық жарыспалы тұлғалардың әдеби нұсқасын,
стильдік реңкі мен
қызметін дәл ажырату үшін практикалық құралдардың мәні зор. «Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігі» пайдаланып отырған әдістер – әдеби норма
деп танылатын екі сыңарын да «және» деген белгімен беру немесе алфавит
ретімен ұсыну, бір ғана сыңарының әдеби норма екендігін «емес» сөзімен
нақты көрсету (мысалы,
хикая (һікая
емес),
зәрлі (заһарлы
емес),
кәне
(
кәні,
қані
емес), – тілдегі басы артық жарыспалылықты тежеудегі тиімді
жолдардың бірі. Қазақ тіліндегі фонетикалық, лексикалық, әдеби-диалектілік
сипаттардағы дублет сөздерді толық түзіп, оның ішінде міндетті түрде әдеби
нормаға сай келетін түрлерін ажыратып көрсететін «Вариант сөздердің
сөздігін» жасау да – қажетті жұмыс. Варианттылықты реттеуде
статистикалық тәсілдің де көмегі зор. Бір сыңарының екінші сыңарынан не
стильдік, не синонимдік артық-кемі жоқ фонетикалық варианттарды реттеуде
олардың қолданылу жиілігін есептеу әдісі тиімді нәтиже бере алады. Бұнда
жарыспалы сөздердің қолданылу изоглосы, әдеби
тілдің стильдік өрістеріне
таралу жиіліктері есепке алынады, бұның өзі әсіресе бірін әдеби, екіншісін
бейәдеби деп бағалау қиынға түсетін
ыждағат – іждағат, жәбір – зәбір,
рақмет – рахмет, диқан – дихан, қаріп – ғаріп – кәріп, балуан – палуан
тәрізді
параллель сөздерді нақтылауға жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: