альн, -
льн қосымшалары арқылы жасалған термин
сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуіндегі варианттылық
терминологиялық
сөздіктерде
де
кездеседі.
«Математика-физика
терминдерінің сөздігінде» (Алматы, 1959) -
альн, -льн қосымшалы термин
сөздер төмендегіше берілген:
дифференциальный – дифференциалдық теңдеулер системасы,
дифференциал лампа, дифференциаль шағылысу;
ортогональный – ортогональді регрессия, үштік
ортогональды система;
фундаментальный – фундаменталь система,
фундаментальды группа
, фундамент анықтауыш
; потенциальный – потенциалдық қисық сызық,
потенциалдық энергия және т.б.
Жалпы,
-ист, -изм, -щик, -чик, -ер, -щина, -тура, -ант, -ив қосымшалары арқылы жасалған термин сөздердің ұлт тілдеріне
қабылдауында мынадай заңдылықтар бар. Көпшлік жағдайда бұл
қосымшалар арқылы жасалған сөздер аффикстерімен бірге қабылданады, ал
егер түбір сөздің өзі қабылдаушы тілде жеке тұрып та қолданыла алатын
болса, онда орыс тіліндегі орыс тілі