Графика. Орфография. Орфоэпия


Емле сөздіктерінде: Жазу тәжірибесінде



Pdf көрінісі
бет60/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Емле сөздіктерінде: Жазу тәжірибесінде:
медаль
, медальға, медалы
медаль
, медальға // медальге, медалі 
мораль
, моральға, моралы
мораль
, моральға, моралы // моралі
магистраль, магистральға, магистралы магистраль, магистральға, 
магистралы
// магистралі 
педаль
, педальға, педалы
педаль
, педальға, педалі 
және т.б. 
Сондай-ақ жазу практикасында соңы 

дыбысына және 
-ий
дыбыстарына бітетін және басқа да бірқатар термин сөздердің емлесінде де 
варианттылықтар бар: 
аптека – аптек, анкета – анкет, диета – диет;
санаторийде – санаторийда, документті – документалды – документальді; 
экспериментті – эксперименталды – экспериментальді
т.б. Бұнда, әрине, 
ішінара орфографиялық қате жіберу, қажетті тұстарда емле сөздіктеріне 
сүйенбеу сияқты кінәраттар да бар. Бірақ көбінесе орыс тілінен енген 
сөздердің тұрақты қағидалардан өзгеше, бірде жуан, бірде жіңішке 
қосымшалармен түрленіп әр түрлі жазылуы сөздердің түпнұсқа тілдегі 
фонетикалық ерекшеліктері мен қабылдаушы қазақ тілінің дыбыстық 
заңдылықтарының 
айырмашылықтарына 
байланысты 
болатындығы 
байқалады. Өзге тілден ауысқан сөздердің емлесіндегі қиындықтар басқа 
түркі тілдерінің жазуында да кездеседі. Мысалы, Э. Ахунзянов татар 
орфографиясында орыс тілі сөздерінің жазылу емлесі әлі де бір ізге түсе 
қоймағанын, осының нәтижесінде туатын ала-құлалықтар орыс тілін игеруге 
де, ұлт тілінің емле нормасын жетілдіруге де кедергі келтіретін факт 
екендігін көрсетеді [67, 364б.] Сондай-ақ әзербайжан жазуында бірқатар 
сөздер орыс орфографиясы бойынша графикалық-фонетикалық тұлғасы 
сақталып жазылып, екінші бір тобы айтылуы бойынша таңбаланып, ал бұның 
өзі орфограммалық варианттар тудырып жүргендігі әзербайжан тілі 


емлесіндегі елеулі кемшіліктер ретінде аталып жүр [68, 56б.]. Сол себепті де 
бір тілден екінші тілге сөз ауысу процесіндегі объективті себептер мен 
заңдылықтарды саралап, түбір сөздердің жазылуындағы, олардың 
қабылдаушы тілдің қосымшаларымен түрленуіндегі ерекшеліктерді 
айқындап отыру – жазу мәдениетін көтеріп, ұлт тілдері орфографиясын одан 
әрі жетілдіре түсудегі мәнді жұмыстардың бірі. Сонымен бірге қос тілді – 
орыс тілін және ұлт тілдерін – қатар меңгеру проблемасы жолға қойылып 
отырған қазіргі кезеңде бұл мәселенің маңызы айрықша зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет