табылады, яғни объективті дүниедегі тілдік емес мәнділікті меңзеп тұрады.
Бұл – сөздің денотаттық мағынасы.
Ақиқат дүниедегі белгілі бір заттың, құбылыстың, ситуацияның,
жинақтап айтқанда объектінің, осылайша мәнді деп танылған белгілерінің
санада ұғым түрінде бейнеленуін сигнификат деп білеміз.
Жоғарыда келтірілген схема бойынша
қой
қора
деген күрделі таңбаны
мазмұн меже және тұрпат меже тұрғысынан талдап көруге болады. Әуелде
тілдік ұжымның когнитивтік санасында ақиқат дүниенің үзігі (фрагмент)
қой
,
қамайтын, қора
түріндегі бөліктер бойынша бейнеледі. Бұл ақиқат дүниедегі
объектінің ойсуреті.
Қой, қама, қора
дегендер санадағы қарапайым ойсурет.
Осы ойсурет – тілдік қоғамдастықтың ақиқат дүние үзігі жөнінде ұжымдық
санасында орын тепкен білімі. Осы ақпараттар ұжымдық санадағы
жинақталып, өңделіп вербалданған білімге айналады. Бұл білімнің, я болмаса
ақпараттың осы күйде жаңғыртылуы да, практикалық қажеттілікке қарай әрі
қарай да өңделе түсуі мүмкін. Өңдеу барысында басы артық элементтер, яғни
пәлендей
«жаңалығы»
жоқ
ақпараттық
элементтер
беймәнделіп,
редукцияланады:
қой[ды] [қамайтын] қора > қой[дың] қора[сы] > қой қора.
Осылайша құрылымдық жақтан редукцияланудың нәтижесінде тілдік
бірліктерден тек
қой
және
қора
деген екі лексема қалғанын байқаймыз. Бұл
лексемалар бас-басына әр басқа денотатты көрсетіп тұрған жоқ. Екеуіне
ортақ денотат (объект) біреу ғана. Олай болса, екі лексеманың ортақ
денотатының болуы «біріккендіктің» белгісі. Алайда бұл күрделі таңбаның
мазмұнындағы өзгерісі жеке форма арқылы тиянақ табуы шарт. Сонда ғана
толық мәнінде біріккен сөз болады. Бұл жерде күрделі таңба мазмұндағы
өзгеріске сәйкес дербес формаға ие болған. Атап айтқанда,
қой
лексемасы
өзінің жеке екпінін жоғалтып, біршама материалдық дербестігінен
айырылған: [қойғор[á].
Мазмұндық, формалық өзгеріске түскен мұндай күрделі таңба
графикалық тұрғыдан да тиянақ табу, яғни орфографияда бұл типтес
құрылымдар
Достарыңызбен бөлісу: