Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Карта бойынша құбылыстардың динамикасын



Pdf көрінісі
бет169/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

4.3. Карта бойынша құбылыстардың динамикасын 
зерттеу
Кез-келген жалпы географиялық немесе тақырыптық кар-
та белгілі бір уақытқа немесе тарихи кезеңге сəйкес əртүрлі 
құбылыстардың жағдайларын тіркейтін маңызды құжат бо-
лып табылады. Əртүрлі телімдерінде бірдей көрініс таппай-
тын жергілікті жер элементтерінің даму динамикасы картаның 
ескіруіне əкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде құбылыстардың жаңа 
жағдайына ғана емес, картография ғылымы дамуының заманауи
деңгейіне сəйкес келетін жаңа карталарды құруды қажет етеді.
Карталарды құбылыстардың динамикасын оқып-үйрену мақ-
са тында пайдалану əртүрлі уақытта құрылған екі немесе бірнеше 
карталарды көру арқылы салыстыруға, жоғарыда сипатталған 
əр 
түрлі картометриялық тəсілдерді пайдалануға негізделеді. 
13–1171


194
Құбылыстардың динамикасын оқып-үйрену олардың өзгеру 
жылдамдығы мен себептерін, болашақтағы даму бағыттарын 
анықтауға; белгілі бір уақыт шегінде қандайда бір құбылыстардың 
жағдайы мен оның одан ары дамуын болжауға мүмкіндік береді. 
Əртүрлі уақытта құрылған топографиялық карталарды бір-
бірлерімен беттестіру арқылы елдімекендер жиілігі мен халықтың 
қоныстану тығыздығының, жол торларының, жер бедерінің, 
өсімдіктер жамылғысының тағы басқалардың өзгеру сипатының 
қарқынын анықтауға болады.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын оқып-үйрену жəне 
экологиялық карта құру барысында мұндай зерттеулердің маңыз 
зор. Мысалы, жерді ауыл шаруашылығына пайдалану картасын 
оқып-үйрену жердің өзгеру жағдайын, себептерін, бағытын, 
қарқынын, қолайлы жəне кері əсер ететін факторларды анықтауға 
мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған кері əсерлердің салдары-
на ауыл шаруашылығы жерлеріне бұталардың, арамшөптердің 
өсуін, топырақтың сортаңдануын жатқызуға болады.
Орман шаруашылығының картасы орман алқаптары ауданы-
ның динамикасын ғана емес, оның түр құрамын, жиілену дəре-
жесін, аурулармен зақымдануын, отырғызылған ағаштардың эко-
логиялық жағдайыларында анықтауға көмектеседі. 
Көру арқылы ойша салыстыру жергілікті жердің динамикасы 
туралы жалпы түсініктер ғана бере алады. Сондықтан жергілікті 
жердің біршама көрнекі бейнесін екі картаның кескінін бір-
бірімен беттестіру арқылы алуға болады. Негізі ретінде ескі 
картаның құрылымын пайдалана отырып, проекциялық прибо-
рлардың көмегімен оған біршама кейінгі уақытта құрылған 
кар 
талардың нысандарын түсіруге болады. Түсіру барысында 
картаның мазмұны сақталған нысандар, жол торлары, жол қиы-
лыстары, біршама тұрақты жəне елдімекендер сияқты бірша ма 
дина микалық элементтер үйлестіріледі. 
Басылып шыққан уақыттары бір-бірімен 30 жылға айырма 
жасайтын екі картадағы батпақтың кескіндері бейнеленген. Екі 
картадағы батпақ телімдері мен оған жапсарлас жатқан ландшат-
тарды бір-бірімен беттестіру көршілес жатқан орман алқаптарын 
кесу батпақ аумағының артуына əкеп соқтырды деген қорытынды 
шығаруға мүмкіндік береді. 


195
Картометриялық тəсілдердің көмегімен динамиканы оқып-
үйрену барысында беттестірілетін карталардың құрылу əдістерін, 
жинақталу сипаттары мен қағидаларын, оқып-үйренетін құбы-
лыс
тың жіктелу нақтылығын ескеру қажет. Шығарылатын 
қорыты н 
дылардың тазалығына картаның масштабы мен оның 
атқара тын қызметі көп əсер ететіндіктен пайдаланылатын барлық 
карто графиялық материалдарды мұқият оқып-үйрену қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет