202
байланысты алған білімдерін бейімдеу; көшбасшылық дағдылар мен командада
жұмыс істеу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу ортасын құру
бойынша бірлескен және тиімді жұмыс дағдыларын көрсету; дене жаттығулары
шеңберінде қызметті оңтайландыру және баламаларды әзірлеу үшін
ережелер
мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; жеке шығармашылық қабілеттері мен
басқалардың қабілеттерін сыни бағалау, балама шешімдер;
жарыс қызметі
ережелері мен төрешілік ережелерін білу; жарыс кезінде адал ойын, олардың
айырмашылықтары.
3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі: жеке денсаулық және
салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру; қызмет түрлері үшін
лайықты жаттығулар мен қалпына
келтіру техникаларын әзірлеу, өткізу;
әртүрлі дене жүктемесінің жаттығуларын, олардың әсерін және организмнің
энергетикалық жүйесімен байланысын зерделеу, практикада сынау;
денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелерінде
тәуекелдерді басқару стратегияларын әзірлеу және қолдану; басқа адамдардың
дене жаттығуларының тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыларды қолдану.
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары
мұғалімге оқушыларды дамыту
бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін
бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене
шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене
шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене
шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жартыжылдық және оқу жылының
соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген
әдістемелік
ұсынымдар
Ы.Алтынсарин
атындағы
ҰБА
сайтына
орналастырылған (nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: