Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет257/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

«Абайтану» пәні 
енгізілді.
«Абайтану» пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы «27» 
қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы 
мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына 
арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:
1) тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау; 
2) тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми 
еңбектерді оқыту; 
3) дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.


228 
«Абайтану» 
пәнінің 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы 
қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, 
идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, 
ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық 
құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар 
ілімі, адамшылық мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық 
қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын 
қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе 
алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға 
қабілетті тұлға қалыптастыру. 
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. 
«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген: 
1) оқу және түсіну; 
2) талдау және жинақтау; 
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім). 
«Оқу және түсіну» бөлімі: көркем шығармадағы поэтикалық 
қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қызметін түсіну; шығарма үзінділерімен 
жұмыс; шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн; көркем шығармадағы 
форма мен мазмұн бірлігі; интерпретация (ауызша және жазбаша); 
«Талдау және жинақтау» бөлімі: әдеби шығарманың композициялық 
құрылымы мен идеялық мазмұнын талдау, образдар жүйесі мен типтік 
характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер; 
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімі: шығармадағы 
тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркем-эстетикалық 
құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелерінен тұрады. 
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері мен 
қарасөздері, ұлы ақын туралы зерттеу еңбектерімен қатар Қ.Жұмалиев, 
Қ.Мұхамедханов, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдардың еңбектері қосымша 
оқуға ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет