Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педкеңестің шешімімен



Pdf көрінісі
бет396/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педкеңестің шешімімен 
белгіленеді. 
Қорытынды аттестаттаудан өткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша 
бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда 
алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39 
бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда 
білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе 
шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде 
барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және 
қорытынды аттестаттау бағалары «5»
 
болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен 
бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты 
және «Алтын белгі» белгісі беріледі. 
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және 
өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар www.nao.kz сайтында қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет