367
7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді,
қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде
дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз
қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді,
белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды
орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді,
белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
10 балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді,
белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады,
негіздей
алады.
4. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі
арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.
5. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
6. Қашықтан оқу режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электронды
журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата-
аналар мен мұғалімдерге электронды журналды пайдалану туралы жадынама
беріледі.
7. Электронды журнал формативті бағалау үшін орташа балды автоматты
түрде шығарады және ТЖБ бағанына орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл
формативті бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді).
8.
БЖБ мен ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.
9. Қорытынды баға формативті бағалау үшін орташа баллды ескере отырып
шығарылады.
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерді
пайдалануға болады
:
1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (9 ақпан 2018ж
№47 бұйрығы өзгерістермен);
2. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
3. Негізгі және жалпы орта мектеп педагогтеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ,2016;
4.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешені
http://smk.edu.kz;
5.
Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы сайтынан «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз
ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады https://www.nao.kz ;
6.
«Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі»
онлайн курсы https://academia.kz/ru/course/1.
Достарыңызбен бөлісу: