№125 бұйрықтың 39 тармағына сәйкес 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер
үшін ана тілі (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ
тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия,
дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика)
тестілеу.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған
9 (10) сыныптың білім алушылары келесі оқу жылына қалдырылады.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған
11 (12) сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім
алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама алады.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және ол жақта
білім беру мекемелерін аяқтаған 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелдегі оқуды
аяқтаған соң 11 (12) сынып үшін Қазақстан Республикасының мектептерінде
қорытынды аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының
шешімімен аталған мектеп бітірушілер «Қазақстан Республикасының бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР
370
БҒМ-нің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген)
үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің пәндері бойынша
аттестаттаудан өтеді.