Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


  Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет393/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

 


368 
Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі 
Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың 
критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау барысында мұғалім білім 
алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және 
оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін 
бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу 
бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлануы қажет. Мұғалім 
дифференциалды және / немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолдана алады
сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне 
өзгерістер енгізе алады. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен 
жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды 
өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне 
сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы 
білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім 
беруді 
қажет 
ететін 
балаларды 
қорытынды 
аттестаттаудың 
емтихан 
материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы 
әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау үшін оқушыларға сараланған және жеке бақылау тәсілі 
қолданылады. Сараланған тәсіл негізінде ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың 
педагогикалық жіктелуі жатыр (В.В.Воронкова бойынша).
Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда оқушылардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды 
бағалау жүйесі қолданылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық 
шкала бойынша бағаланады.
Дайындық топтары мен 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. 
Оқытудағы алға жылжу нәтижесі оқушылардың өнімді қызметін талдау, 
сөйлеу, жазу жұмыстары, суреттер, қолөнер және сабақтардағы қызметті бақылау 
негізінде анықталады және сипаттама түрінде болады. Ақыл-ой кемістігі орташа 
білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының 
мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-есі 
кеміс диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік 
ұсынымдарды білім беру ұйымдарының сайтында табуға болады. Ы.Алтынсарин 
(www.nao.kz). Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп/сынып 
оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.
9 (10) және 11 (12) сыныптарды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттау 
ҚР 
БҒМ 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары» бұйрығына 
сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет